kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

«Адал еңбек-әулеттің бойтұмары»

«Адал еңбек-әулеттің бойтұмары»

Колледжіміздің «Еңбек күнін» атап өтуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 26 қыркүйек күні дәнекерлеушілер әулетінен “Oil Services Company” ЖШС мекемесінің темір ұстасы Эсмагамбетов Рустем Адиловичпен және арнайы шақыртылған қонақ инженер- технолог Баймен Ренат пен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, «Машина жасау технологиясы» мен «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Рустем Адилович біздің колледждің түлегі екенін және еңбек жолы туралы айтып, соңында дәнекерле технологиясы бойынша студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Ал Баймен Ренат өзінің еңбек жолын айтумен қатар, жас ұрпаққа мотивация беріп, қателік жасаудан қорықпауларын, тек алға, білімге ұмытулары керек екенін айтып сәттілік тіледі.