kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Тіл - татулық тірегі

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Тіл - татулық тірегі “ атты әдеби кітаптар көрмесі студенттерге ұсынылды.

Көрменің мақсаты: студенттердің ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар, дәйек сөздер қойылды. Атап айтқанда Кәкеш Қайыржанның “Сөз сандық”, “Қазақтың көне сөздері, М. Балақаев, М. Серғалиевтің “Қазақ тілінің мәдениеті“, Рәбиға Сыздықованың бірнеше бөлімнен тұратын тілге байланысты кітаптарға шолу жасалды. Көрме барысында халқымыздың қазынасы тіліміз туралы студенттермен әңгіме диалог жүргізіліп, мақал-мәтелдер айтып, тіл байланысты өлең шумақтарын оқыды.