kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292)50-03-12

+7(775)362-24-69

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысының білім басқармасының Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі Коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі

Жас маман

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ

 

МКҚК «Халел Өзбекғалиев атындағы маңғыстау политехникалық колледжі»

«Жас маман» жобасына кірді

 


«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасының «Еңбек» операторы БАҚ «Холдинг «Кәсіпқор» болып белгіленді.

«Жас маман» жобасының мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

— өңірлер бөлінісінде 100 аса сұранысқа ие индустриялық және қызметтік мамандықтарды анықтау;

— іріктелген мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу;

— сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;

— білім беру процесін жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін оқыту үшін, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын құруға жәрдемдесу үшін шетелдік әріптестерді тарту;

— қосымша қаржыландыру шартымен колледждерге жабдықтар сатып алу (жергілікті бюджет есебінен кемінде 5%);

— лизинг тетігі арқылы және/немесе жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен жоғары оқу орындарына арналған жабдықтар сатып алу.

Жас маман» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша оқу ұйымдары республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, өз өңірі үшін мәлімделген мамандық бойынша құзыреттілік орталығына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.  







 

2021 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы бойынша Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «Токарлық іс және металлөңдеу», «Дәнекерлеу ісі» және IT (Желілік және жүйелік басқару, Прототиптеу, Интернет-заттар, Мехатроника, Инженерлік графика CAD, Ұялы робототехника) құзыреттіліктер орталықтарының ашылу салтанаты өтті.

   

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, білім басқармасының, серіктес мекеме өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты.

   

Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы құттықтау сөз сөйлеп, «Жас маман» жобасы негізінде қүрылған құзыреттілік орталықтарының жұмысына сәттілік тіледі.

   

Колледж базасында құрылған құзыреттілік орталықтары үздік, әлемдік стандарттар мен тәжірибеге және WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығына мықты дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.

   

Бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауда «Жас маман» жобасы жастарға жол ашады. 

         


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы