kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292)50-11-14

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысының білім басқармасының Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі Коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі

Жатақхана

Маңғыстау Политехникалық колледжінің №5 студенттер жатаханасы

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5-ші студенттер жатақханасында республикамыздың барлық өңірінен келген жастар орналаса алады. Сіздерді студенттер жатақханасында жылы атмосфера мен жылы қоныс күтеді. Жатақхана 180 орынға арналған.

Жатақханада  интернет желісі іске қосылған, WI-FI ғаламтор желісіне қолжетімділік бар. Жатақханада демалыс пен сабақ қарауға жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді, оқу үшін арнайы оқу залдары мен компьютермен жасақталған.

Ә ртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған акт залы бар. Жатақханада дене  шынықтыру залы, асхана, кір жуу бөлмесі, қыздар, ұлдарға арналған жуыну  бөлмесі, тұрмыстық бөлме, ас үй бөлмелерімен жабдықталған.

Жатақханада тұратын студенттердің барлық шоғырлы мәселелерінің шешімін табу мақсатында және әлеуметтік тұрмысты жақсартып, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бағытында да жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарылады.

Жатақхана  бақылау камераларымен жабдықталған. Бейне бақылау әрбір қабатта орнатылған. Жатақхана аумағына сағат түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету  мақсатында кезекшілік жүргізіледі және түнгі кезекші тәрбиеші штаты қарастырылған.

Колледж әкімшілігі  жатақхана қажет етушілерді орынмен қамтамасыз ді ұйымдастырады.  Жатақханаға орналастыру туралы барлық сұрақтар бойынша колледжден ақпараттар ала аласыздар  және  орналастыру жыл сайын 1-ші қыркүйектен  басталады.

               


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы