kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Менің жетістігім – менің нәтижем

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Еңбек күнін» атап өтуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 26 қыркүйек күні «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Байкубеков Малик Болашович шебер сыныбын өткізді.

Мақсаты: Мектеп оқушыларына «Токарлық ісі» мамандығын таныстыру.

Шебер сыныпқа ТІж-22-01стобының студенттері мен №6 орта мектептің 9 сынып оқушылары Айымгуль Жанадиловнаның жетекшілігімен қатысты.

Малик Болашович ең алдымен еңбек қауіпсіздігі ережесімен таныстырды, одан кейін токарлық станокта бұранда кескішпен бұранда жасау жұмысын көрсетті.

Шебер сынып соңында колледж студенттерінің тәжірибе сабақтарында өз қолдарымен жасап шығарған бұйымдарымен таныстырды.