kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль

Бүгін, 2024жылғы 24

қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің, оқу-

әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық, нетворкинг-сессия өтті.

Шараға техникалық, және касіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшы, басшының, оқу-ісі, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер, барлығы 60-қа жуық

адам қатысты.

Нетворкинг-сессияның мақсаты: техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының басқару ісіндегі жаңашыл іс-

тәжірибелерімен бөлісу, басшы орынбасарларының курстан алған білімдерін оқу үрдісіне енгізу үшін тәжірибе алмасу.

Шара екі секциядан тұрды:

Бірінші секцияда басшылар білім беру ұйымдарын басқарудағы жаңашыл әдіс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ал екінші секцияда басшы орынбасарлары мен әдіскерлер курстан кейінгі кері байланыс жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шара колледж басшысының жаңаша стилі мен колледжді дамытудағы стратегиялық, жоспарын жаңарту бағытындағы тиімді амалдарды пайдалану жолдарын көрсетсе, «TALAP» КЕАК - нан біліктілік

арттыру курстарынан өткен басшы орынбасарларымен

әдіскерлер үшін курстан алған білім мен біліктілік

дағдыларын пысықтауда маңызы зор болды.