kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Сабақтың бағалау критерийлері

Педагог болып, білім беру ұйымының табалдырығын аттаған жас маманға қашанда көмек қажет. Колледждің ішкі әлеміне енді ғана енген педагогтің ізденісі бұрынғыдан да арта түскені абзал. Әсіресе, тәжірибелі ұстаздан, әдіскерден үйрену, үйренгенді қолдана білу – жас маманның мықты құралы да болмақ. Сондықтан, әдіскер, тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалім арасындағы байланыс ешқашан үзілмеуі тиіс.

Осы орайда 2024 жылдың 23 қаңтарында басшының бірінші санатты оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-шебер Г.Тугерова колледж жас мамандарына өндірістік жоспарға сәйкес «Сабақтың бағалау критерийлері» тақырыбында әдістемелік отырысын ұйымдастырып өткізді.

Мұнда оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары, сабақ талдау түрлері мен типтері, критерийлері, сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары, ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін әдістер, оқушылардың танымдылық іс-әрекетін белсенділігін арттыру, өзіндік талдау деңгейі, сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар, сабақ барысында тәрбиелеу, сабақ сапасының негізгі критерийлері таныстырылып, талқылау жүргізілді.

Әдістемелік отырыстың практикалық бөлімінде колледж жас мамандарының әзірлеген сабақ жоспарларына талдау жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Шара соңында жас педагогтер өз ұсыныс-тілектерін, пікірлерін айта отырып, кері байланыс жасады.