kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Мақал сөздің мәйегі

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Мақал сөздің мәйегі “ атты мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Студенттердің ойлау,тыңдау, жазу, әңгімелесу қабілеттерінің жылдамдығын, білім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ ортада өзін-өзі ұстауға, білімін көрсету білуге, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Сайысқа ТЖ 23-01 с тобының студенттері қатысты. Студенттер 2 топқа бөлінді: 1ші және 2 ші команда болып. Сайыс 5 бөлімнен тұрды.

1.кезеңде мақалдың қай тақырыпқа байланысты айтылғанын табу;

2.кезеңде мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру;

3.кезеңде “ ойлан тап ” яғни қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беру;

4.кезеңде мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып, орыс тіліне аудару;

5.кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын табу;

Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.