kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Буккроссинг

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Кітап достарын іздейді “ атты «Буккроссинг» аймағы ұйымдастырылды.

Бұл акцияның негізгі мақсаты колледж кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту. Сонымен қоса игі іс жасау ,яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын кітапханадағы буккроссинг бұрышына қойып басқа оқырмандарға оқуға үлес қосады.

Буккроссинг процесінің негізгі қағидасы: ««Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет!»

Егер сізде бұрыннан оқыған кітаптарыңыз болса, оларды осы сөрелерде қалдыра аласыз.

Келуші оқырманманға арнап түрлі жанрдағы көркем шығармалар ұсынылды.

Құрметті студенттер оқып болған кітабыңызды бізге алып келіңіз. Сіздің кітабыныз жаңа оқырмандарын тауып қызықты саяхат бастайды. «Кітап достарын іздейді» атты жобаға қатысуға барлық кітап сүйер оқырмандарды шақырамыз. Келіңіз,таңдаңыз, оқыңыз!