kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Әрлеу жұмыстарының заманауи технологиялары

Бүгін, 2023 жылдың мамыр айының 24 жұлдызында құрылыс компанияларының басшыларына жоба тәжірибесін тарату жөніндегі кездесу, дөңгелек үстел, «Әрлеу жұмыстарының заманауи технологиялары» бойынша шебер сыныптар өткізілді.

Аталған шараға «Кнауф Гипс Капчагай» мекемесінің басшысы, сарапшысы, Қырғызстан Республикасы бойынша жоба менеджері, Тәжікістан мемелкетінен «Душанбе Кнауф Маркетинг» ООО басшысы, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық және әлемдік чемпионатының бас сарапшысы, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Семей қаласының құрылыс колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шеберлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, БАҚ өкілдері, "АА – Стройинжениринг ЖШС, "Жаңа Ай Сервис" ЖШС, "Ақ жол құрылысы" ЖШС, "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" ШЖҚ РМК, «Алимар құрылыс» ЖШС, «Ақжол+К» ЖШС, «Казахавтодор» ЖШС, «ЕвроАзия» ЖШС, «Казавтожол» АҚ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері, «Абдуллин», «Добилов» жеке кәсіпкерлер, облыстық білім басқармасының бөлім мамандары және Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің қызметкерлері қатысты.

Әлеуметтік серіктестермен құрылыс компания қызметкерлеріне құрғақ құрылыс технологияларын оқытуға арналған Виртуалды шындық тренажерін таныстырып, колледж шеберханаларында өтетін КНАУФ компаниясының құрғақ құрылыс (гипсокартон монтажы) бойынша практикалық тренингтері өтті.

Сондай-ақ, бағдарламаға сәйкес, «Құрғақ құрылыс және WorldSkills стандарттары» тақырыбының аясында өндірістік оқыту шеберлері, құрылыс мекемесінің қызметкерлері «Құрғақ құрылысы және сылақ жұмыстары» құзыреттлігі бойынша Жолдастық WorldSkills чемпионатының конкурстық тапсырманың 1 модулін аяқтап, критерийлерге сәйкес бағаланды.