kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

DOSTI Түркістан

2023 жылдың 22-26 мамыр айында «DOSTI» инновациялық орталығы Талап КЕАҚ, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен «DOSTI Түркістан» ЖШС филиалының базасында WorldSkills Kazakhstan қозғалысының ресми серіктесі және демеушісі ретінде «Электроника» құзыреттілігі бойынша Жолдастық чемпионат ұйымдастыруда.

Мақсаты: Электроника құзыретінің мәртебесін халықаралық чемпионат деңгейіне көтеру, WorldSkills Kazakhstan - 2023 республикалық чемпионаттың конкурстық тапсырмасының негізгі модульдерін жаттықтыру және өңірлік чемпионаттарды ұйымдастыру мен өткізуді, бағалау критерийлерін пысықтау.

Колледжіміздің студенті WorldSkills Aktau-2023 өңірлік чемпионатының жеңімпазы Владислав Дорошкевич Түркістан қаласында аталған шараға қатысып бақ сынауда.

Бағдарламаға сәйкес алаңмен танысып, конкурстық тапсырма бойынша брифинг өткізілді. Тапсырманың 6 модулі талқыланып, жұмыс орындарына дайындық жүргізілді.

Студентімізге сәттілік тілейміз!!!