kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

WorldSkills Kazakhstan 2023

Маңғыстаулық студенттердің қанжығасы майланды

3 күнге созылған "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 545 студент қатысты. Олардың 32-сі Маңғыстаулық студенттер, 30 құзыреттілік бойынша бақ сынап, өлкеміздің намысын қорғады.

Республикалық чемпионатта колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикаға шебер ұштастыра білген шын жүйріктердің қанжығасы майланып, қоржындары тағы бір медальмен толықты. Олардың арасында 3 алтын, 1 қола, 7 медальонды жеңіп алған маңғыстаулық студенттер де бар. Олар:

Алтын медаль – Cарсенғали Ақмерей, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің студенті («Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша). Жетекшісі: З. Исағалиева;

Алтын медаль – Алдамжаров Әлібек, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің студенті («Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша). Жетекшісі: Б.Долубаев;

Алтын медаль – Теміралиев Жүсіп, Қарақия кәсіптік колледжінің студенті («Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша). Жетекшісі: Е.Нурханов.

Күміс медаль – Байаманов Тимур Маңғыстау туризм колледжінің студенті («Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша);

Қола медаль – Узбекова Арайлым, Маңғыстау туризм колледжінің студенті («Мейрамхана ісі» құзыреттілігі бойынша);

Ал «Мобильді робототехника» (Джарасов Досбол, Жаксылыков Нурлан – Бейнеу политехникалық колледжінің студенттері)

«Инженерлік графика САД» (Құралбай Назерке – Х.Өзбекғалиев атындағы жоғары политехникалық колледжінің студенті)

«Кірпіш қалау» (Кошкарбаев Оралбек – Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенті)

«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»(Айткенұлы Заңғар – Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенті)

«Сантехника және жылыту» (Незгода Иван–Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті)

«Кескіндеме және сәндік жұмыстар»(Сенбі Амина – Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенті) құзыреттіліктері бойынша чемпионатқа қатысқан студенттер медальонға ие болды.

Үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту мақсатында өткен республикалық чемпионаттың жеңімпаздары 2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!