kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

WorldSkills Kazakhstan 2023

Бүгін "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына премьер-Министрдің орынбасары Т.Б.Дүйсенова, ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек және ҚР оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев қатысты. Қонақтар барлық алаңдардың жұмысымен танысып, артынан сарапшылармен және қатысушылармен әңгімелесті.

"Қазіргі уақытта елімізде "бәріне қолжетімді сапалы білім " ұлттық баяндама қызу талқылануда. Білім беру бағдарламасына және колледждердегі құзыреттерге ерекше назар аударылды. Цифрлық технологиялардың дамуына қарамастан, дәнекерлеуші, сантехник, тұрмыстық техниканы жөндеу шебері, автомеханик және т.б. сияқты мамандықтардың маңыздылығы артып келеді. Бұл чемпионат жастар арасында осы жұмысшы мамандықтарын насихаттауда үлкен маңызға ие. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!"- деді өз сөзінде Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары елде жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің өсіп келе жатқанының айқын көрсеткіші.

"Елдегі кәсіпорындар білімді, әрі өз ісінің нағыз шеберлеріне мұқтаж. Сіздер еліміздің экономикасына елеулі үлес қосасыздар деп сенемін", - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, чемпионат 2023 жылдың 23-25 қарашасы аралығында өтуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дүйсенбіде, яғни 27 қарашада жабылу салтанатында жарияланып, марапатталады.