kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Оқу өнері

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Оқу өнері ” ұтымды оқу әдістерінен мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Мақсаты: студенттердің дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру.

Шараға АБ 23-01с тобының студенттері белсене қатысты.

Көркем сөз оқуды өз әдетіне айналдырған студенттер Қазақ ақын жазушыларының, Мергенбай Қадырәлі, М. Мақатаевтың “ Фаризаға ”, Бозаев Еркінбек, М. Жұмабаевтың “ Мен жастарға сенемін ”, Бозаев Нұрдаулет, М. Мақатаевтың “ Өкініш ”, Оразбаев Мейірбек, М. Мақатаевтың “ Өтелер ме? ”, Бөкенбай Досым, М. Мақатаевтың “ Соқ, жүрек! ” т.б. шығармаларын мәнерлеп оқыды.