kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ

«ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ»

Бүгін Х.Өзбекғалиев атындағы жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара байланысты нығайту мақсатында «Жұмыс берушілер күні» іс шарасы өтті. Шараға әлеуметтік серіктес мекеме басшылары мен қызметкерлері, колледждің арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлау сапасын арттыру, академиялық дербестік мәселелерін талқылау, жұмыс берушілермен біртұтас диалог алаңын құру дуальды оқыту жүйесі бойынша бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша үздік тәжірибелермен алмасу. «Жұмыс берушілер күні» мерекесіне орай «Жас маман» жобасымен аланған станоктар мен құрылғылармен колледж студенттерінің қолымен жасалған бұйымдар көрсетіліп, колледж фойесінде студенттік дүкен жәрмеңкесі өткізілді. Шара барысында «Nomad Motors Aktau» ЖШС техникалық директоры А.С. Моисеев өз мекемесінен тағылымдамадан өткен оқытушыларымыздың сертификаттарын табыстады. Шара соңында колледждің әлеуметтік серіктестері колледж басшысының Алғыс хатымен марапатталды.