kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Білім беру бағдарламаларын өзектендіру

Маңғыстау облысы білім басқармасының 2021 жылдың 08 желтоқсанында №141нқ бұйрығына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ауылдық колледждерді қолдау бойынша «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында 3 ауыл колледждеріне (Маңғыстау техникалық колледжі, Бейнеу политехникалық колледжі және Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледжі) жетекші болып тағайындалды. Осы бұйрыққа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ауылдық колледждерді қолдау жоспарын жүзеге асыру мақсатында жетекші Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі ауыл колледждері Маңғыстау техникалық колледжі, Бейнеу политехникалық колледжі және Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледждерімен бірігіп жоспар жасақтап бекітті.

Жоспарға сәйкес 2023-2024 оқу жылында бірнеше іс-шаралар өткізілуде.

2024 жылдың 05-16 қаңтар арасында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі ауылдық колледждерді қолдау бойынша «Білім беру бағдарламаларын өзектендіру» тақырыбында оффлайн және онлайн форматта отырыстар өткізді.

Атап айтсақ, 2024 жылдың 05 және 09 қаңтар күндері Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж базасында жетекші колледждің басшы орынбасарлары Г.Юбасарова, Г.Б. Тугерова және Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледжінің басшы орынбасары А.Жоламанова, Маңғыстау техникалық колледжінің басшы орынбасары Е.Біләловпен оффлайн форматта «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарын талқылады, біліктіліктер бойынша кәсіби модульдерді, оқыту нәтижелерді айқындады.

2024 жылдың 16 қаңтарында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің басшы орынбасарлары Г.Б. Тугерова және Г.Юбасарова ZOOM онлайн форматта Бейнеу политехникалық колледж ұжымына білім беру бағдарламаларын жаңа талаптарын ескере отырып әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру, құзыреттіліктер бойынша пәндер матрицасы, тізілімге дайындаудың этаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, біліктіліктер бойынша кәсіптік стандарттардағы еңбек функцияларымен, кәсіби міндерттері талқыланды.