kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Сөз мәйегі - мақал

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 13 ақпан күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы ” атты кітапханалық квилт өтті.

Мақсаты: Студенттерді “ Сөз мәйегі - мақал ” дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы құны қымбат рухани байлығымыз туралы мағлумат беру, адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Сайысқа МЖТ 23-01 с тобының студенттері қатысты. Шарамызда студенттер арасында сайыс өтті. Студенттер 2 топқа бөлінді: 1ші және 2 ші команда болып. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1. кезең “ Ойлы болсаң, озып көр ” яғни мақалды жалғастырады.

2. кезең “ Тапқыр болсаң, тауып көр ” жұмбақ шешу.

3. кезең “ Біз білмейтін бір мақал ” мағынасын ашу.

4. кезең “ Айшықты сөздер ” яғни бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі мағынасын толық ашу

5. кезең “ Даналық ойдан дән ізде ” деп аталады. Бұл кезеңде сандарды ретімен орналастырып мақал-мәтел шығару.

Квилт қызықты әрі танымды өткізілді: студенттер өздерінің білімдерін, бірліктерін және оқығандықтарын көрсетті.