kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Шеберлік шыңы

Бүгін 06 ақпан күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде, әдістемелік бөлім "Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы пән оқытушылары арасында облыстық пәндер олимпиадасы аясында колледжішілік пәндер олимпиадасын ұйымдастырып өткізді. Ережеге сәйкес жалпы білім пәндері бойынша олимпиада "Шеберлік шыңы" тақырыбында ТЕДх форматында таратуға лайықты педагогикалық идея қорғау, дәстүрлі форматта десант сабағын өткізу және оқытушының авторлық цифрлық каналын жолдау (ютуб, платформа, жеке сайт сілтемелері ) кезеңдерінен тұрады. Қазылар алқасына Маңғыстау облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімінің жетекшісі Құралай Кендебаевна және математика, физика, информатика, химия, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география пәндері бойынша жалпы орта мектептің үздік педагогтері, педагог-шебер, педагог-зерттеуіші біліктілік санаттарына ие оқытушылар бұйрықпен тағайындалды.

Бағдарламаға сәйкес колледжішілік олимпиадасының ашылу салтанаты өтіп олимпиада мақсаты мен міндеттері таныстырылды.

Жоспарға сәйкес колледжіміздің олимпиадаға қатысушы педагогтері ТЕДх форматында педагогикалық идеяларын қорғап, Н.Табылганова, Д.Муимова, Л.Шаңбасова, М.Клитова, Ш.Әбілмажанова, А.Жайлы десант сабағын жоғары дәрежеде өткізді.

2024 жылдың 07 ақпанында өтетін физика, математика, қазақ тілі және информатика пәндер оқытушыларына десант сабақтарын жоғары дәрежеде өткізуге сәттілік тілейміз!!!