kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен профилактикалық бағытта кездесу өткізілді. Аталған шараға ПД ҰҚҚКБ жедел уәкілі полиция капитаны Д.Хайроллаұлы және осы басқарманың аға жедел уәкілі полиция капитаны Б.Жеңісбекқызы, сондай-ақ оқу орнының оқытушы құрамы мен білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында қазіргі таңда қоғамдағы ауқымды мәселелердің бірі - лудомания, жастар арасындағы бопсалау әрекеттері, топтасып төбелесу тақырыптарында сөз қозғалып, жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, есірткі заттарының зияны туралы түсіндіріліп, көзделген қылмыстық жауапкершілік жайында да атап өтілді.

Өз кезегінде студенттер сұрақтарына құқық қорғау органдары өкілдері жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Өскелең жас ұрпақты жеке тұлғаға кері әсерін тигізетін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Кез келген ұсақ құқық бұзушылықтың өзі үлкен қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Бұл ретте ата-аналар да балаларының бос уақытта кіммен уақыт өткізіп, немен айналысатындығына мән беруі тиіс. Күнделікті балаңыздың жүріс-тұрысын қадағалап, ұдайы бақылауда ұстауларыңыз сұралады!