kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Қауіпсіз білім беру ұйымы

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде 2023 жылдың 18 қыркүйек күні «Қауіпсіз білім беру ұйымы» онкүндігі аясында Ақтау қаласы ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік инспекторы Р.Сыздыков колледж студенттерімен «Құқық бұзушылық, нашақорлық және буллингтің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. ҚР Конституциясын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, еліміздегі кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық санын азайтудың бірден бір шаралары ретіндегі кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты ескерту және алдын алу.