kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Демонстрациялық емтихан

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 12-13 маусым аралығында бітіруші топтарда демонстрациялық емтихан өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің мазмұнын меңгеруі сапасын оларды зерделеу аяқталғаннан кейін (аралық аттестаттау) немесе олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (қорытынды аттестаттау) көзделген модульдер көлемін игеру дәрежесі айқындалғаннан кейін бағалау.

​Демонстрациялық емтихан «Инженерлік графика САD», «ВІМ ақпараттық модельдеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Зертханалық және химиялық талдау», «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу», «Дәнекерлеу технологиясы», «СББ станоктарындағы токарлық жұмыс», «Құтқару жұмыстары», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша өткізілді.

Демонстрациялық емтихан колледждің оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтары кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында ұйымдастырылды.

Демонстрациялық емтихан нәтижесінде білім алушыларға Құзыреттілік паспорты дайындалды.