kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Білім беру бағдарламалары – құзыреттіліктер негізінде

Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламалары – құзыреттіліктер негізінде» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жергілікті еңбек нарығы жағдайларына байланысты мамандарды даярлауда білім беру бағдарламаларын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету, сапасын арттыру, білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету және тәжірибе алмасу.

Шараға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-ісі, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер, арнайы пән оқытушыларынан барлығы 90-ға жуық адам қатысты.

Дөңгелек үстел екі кезеңнен тұрды: пленарлық және практикалық.

Шараның пленарлық отырысында білім беру бағдарламасын әзірлеу жолдары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал практикакалық кезеңде қатысушы педагогтер техникалық және технологиялық бағыттар бойынша екі топқа бөлінді. «TALAP» KEAҚ-ның штаттан тыс тренерлері әр мамандық бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларын тексеріп, әдістемелік көмек көрсетумен жалғасуда.