kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Ашық есік

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, ағымдағы жылдың 26 сәуір күні болашақ талапкерлерге колледж тарихымен, мамандықтармен, оқу-материалдық және техникалық базасымен таныстырып, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігін насихаттау мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Аталған іс шараға Ақтау қаласының №21, 2, 6, 12, 3, 9, 30, 8, 5 орта мектептірінің 9-11 сыныптарынан 392 оқушы қатысып, колледж мамандықтары туралы ақпарат алды.

Іс-шара келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- Оқушылардың колледж мамандықтары мен мамандықтары туралы хабардарлығын арттыру;

- Колледждің оң имиджін қалыптастыру;

- Білім беру қызметтері нарығында колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- Саналы және кәсіби түрде өзін-өзі анықтау және жеке тұлғаның қабілетін ашу үшін жағдай жасау бағытында жұмыстар жасалды.

Іс-шараны колледж басшысы З.Е Шолтанова ашып, мектептен келген оқушыларға алдағы мамандық таңдауда сәттілік тіледі. Мектептен келген 400 жуық оқушылар колледж фойесінде мамандықтар туралы шебер сыныптарға қатысып, оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханаларын аралап, колледждің техникалық-материалдық базамен танысты.

Колледж мамандары 2023-20234 жаңа оқу жылында құжат қабылдаудың ерекшеліктерін түсіндіріп, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында мектеп бітіруші түлектерді тегін техникалық және кәсіптік білім алу үшін Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжіне оқуға шақырды.