kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Әлеуметтік серіктестер көзімен заманауи маман бейнесі

2023 жылдың 15 желтоқсанында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің базасында «Әлеуметтік серіктестер көзімен заманауи маман бейнесі» тақырыбындағы индустриалды кеңес отырысы өтті.

Кеңес мақсаты: колледжде нақты өндіріспен академиялық процестің өзара іс-қимылына ықпал ететін индустриалды кеңес өткізу, кәсіптік стандарттарға, еңбек нарығының қажеттіліктеріне, оқытудың дуальды моделі мен Worldskills стандарттарына сәйкес модульдік-құзыреттілік тәсілде әзірленген білім беру бағдарламаларының өзектілігін қолдау болып табылады.

Кеңестің техникалық комитеттер отырысында колледждің әлеуметтік серіктестерімен өзектендірілген кәсіптік стандарттар, МжББС негізінде әзірленген білім беру бағдарладамаларының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігі, ҚР бекітілген кәсіптік стандарттарға, Worldskills стандарттарына және жаңа мамандықтар атласына сәйкес білім беру бағдарламаларын келісуге, дуалды оқыту жүйесі бойынша даму жоспарын бекіту, колледж мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің өндіріс мекемелерінде тағлымдамадан өтуі туралы талқыланып бекітуге ұсынылды.

Кеңес соңында колледждің әлеуметтік серіктестері басшының Алғыс хатымен марапатталды.