kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

2023 жылдың жасалған жұмыстар қортытындысы:

«Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК

2023 жылдың жасалған жұмыстар қортытындысы:

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі - Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін беделді, көп салалы оқу орындарының бірі. «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын іске асыру жоспарының 77 қадамына сәйкес, экономиканың негізгі салалары үшін іріктелген алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды дайындауды бастау және әрі қарай олардың тәжірибесін өзге де оқу орындарына тарату бойынша Маңғыстау политехникалық колледжі Республика бойынша 10 базалық колледждің қатарына енгізілген.

Колледжде кәсіби деңгейі жоғары тұрақты педагогикалық ұжым қызмет етеді: 2 ғылым кандидаты(1,9%), 21 магистр(20,7%), 1- педагог-шебер (0,99%), 12 педагог-зерттеуші (11,8%), 11 педагог-сарапшы (10,89%), 22 педагог-модератор (21,7%), 10 жоғары санатты (9,9%), 9 бірінші санат - (8,9%) және 6 екінші санат (5,9%), 1 педагог мемлекеттік наградаларға және «Білім беру ісінің үздігі», 1 педагог Ы. Алтынсарин, 4 үздік педагог төсбелгілерінің иегері, 50 астам педагог ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғысы, Маңғыстау облыс әкімінің Алғыстарымен марапатталған.

Кадрлар даярлау 21 мамандық 42 біліктілік бойынша жүргізіледі.

Білім алушылар контингент саны - 1330, 2022-2023 оқу жылында бітірген шығарылған түлектердің барлығы 387.

Колледж 50 өндіріс мекемелерімен келісім –шарт жасақталған, оның ішінде шефтік қамқорлық -«Қаз Азот»АҚ, «ADVER» ЖШС және «Каскор-Машзавод» АҚ.

Дуальды оқыту 8 мамандық бойынша 537 студентті қамти отырып жүргізіледі, 12 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалған.

Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жасақталған 11 білім беру бағдарламалары Талап КЕАҚ реестрінде тіркелген.

​Колледжде білім беру траекториясын жүйелі модельдеу негізінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды еңгізу бойынша 5 әдістемелік бірлестік, «Озат тәжірибе» және «Жас маман» мектебі жұмыстар атқарады.

60- тан астам педагогтеріміз Франция, Германия, Турция, Грузия мемлекеттерінде, Жамбыл, Семей, Алматы, Астана, Теміртау, Қостанай қалаларында тағлымдамадан, курстан өтті және семинарларға қатысты.

75 педагогтың халықаралық, республикалық форумдар, конференцияларда, баспаларда мақалалары жарық көрді.

​2023 жылдың қыркүйек айынада IT саласындағы педагогымыз А.Қ. Абилшеева «Үздік педагог-2023» облыстық байқауында 1 орынға ие болып, «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БЖҒМ бұйрығына сәйкес республикалық кезеңінде А.Қ. Абилшеева 2023 жылдың қараша айында Астана қаласында, Астана жоғары политехникалық колледж базасында десант жоғары дәрежеде сабағын өткізді, ұсынылған педагог портфолиосы ең жоғары баллға ие болып, Республикалық «Үздік педагог-2023» атағының иегері болып табылды, ҚР оқу ағарту министерлігі күәлік, медаль және 1000 АЕК-мен марапатталды.

​Педагогтердің өңірлік кәсіптік салалық шеберлік конкурсына 11 педагог қатысып жүлделі 1-ші орынға – 4 педагог, 2-ші орынға -2 педагог, 3-ші орын- 3 педагог, «Үздік маман» номинациясына -2 педагог ие болды.

​Колледжінің арнайы пән оқытушылары 2023 жылғы 20-23 қыркүйек аралағында Татарстан Республикасының Қазан қаласында Digital Skills 2023 цифрлық технологиялар саласында V салалық чемпионатында 6 құзіреттілік бойынша жұмысшы мамандықтарының сайысында бақ сынап, нәтижесінде 5 құзыреттілік бойынша 2-ші және 3ші орындарға ие болды.

«Astana Polytechnic» жоғары колледжінде өтіп жатқан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының IT саласындағы оқытушылары арасындағы ІІІ кәсіби шеберлік республикалық байқауында колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Е.Аяпов «Мобильдық робототехника» құзіреттілік бойынша еліміздің барлық өңірінен жиналған 45 педагог арасында өткен сайыста бақ сынап, нәтижесінде бас жүлде иегері атанды.

«Энергетика» республикалық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастырған студенттер арасында «Электрмен қамтамасыз ету» бойынша республикалық олимпиадасында 5 студентіміз жүлделі 2-ші және 3-ші орындарға ие болды.

«Жас автоэлектрик-2023» тақырыбында болашақ Автосервис мамандары үшін оқыту және байқауына колледжіміздің педагогтері Р.Манашева, А.Калжан, С.Лукпанова, Қ.Эбишеев және автокөлікке техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша 6 студент қатыстырып сертификттарға ие болды.

Колледжіміздің «автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша 2 студентіне «Nomad Мotors» өндірістік мекемесі жұмысқа қабылдауға сертификат табыстады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Болашақ мамандардың құзыреттерін қалыптастыруда тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану» тақырыбында III Халықаралық

форумға колледжіміздің 18 педагогы қатысып, сала бойынша шебер сыныптарын көрсетіп Алғыс хаттарға ие.

Колледжіміздің «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлердің саны жылдан жылға көбеюде. Биылғы жылы ресертфикациядан Г.Тугерова, А. Толеубаева, Н.Карабалаева өтті. Сонымен қатар, А.Абильшеева, А.Қалжан, С. Лукпанова жаңа тренерлер статусын алды.

Колледжіміздің жас мамандары «Жасанды интеллект. Білім саласында пайдасы және зияны» тақырыптарында дебат, «Автокөлік әлеміне саяхат» тақырыбында шебер сыныптар, «Педагогикалық тандем» жәрменкесін, өткізуде, «Жас маман және өндіріс», «Жас маман және тәлімгер», «Жас маман көзімен» видеороликтер жасақтады.

​ 2023 жылы 22-26 мамыр аралығында 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Стратегиялық альянс. Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек нарығының талаптарына сәйкес құрылыс мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білім» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренингі Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж базасында ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шараға Кнауф Гипс Капчагай мекемесінен басшысы, Қырғызстан Республикасы бойынша жоба менеджері, Тәжікістан мемелкетінен «Душанбе Кнауф Маркетинг» ООО басшысы, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық және әлемдік чемпионатының бас сарапшысы, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Семей қаласының құрылыс колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжінен өндірістік оқыту шеберлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі, "АА – Стройинжениринг ЖШС, " Жаңа Ай Сервис" ЖШС, "Ақ жол құрылысы" ЖШС, "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" ШЖҚ РМК, «Алимар құрылыс» ЖШС, «Ақжол+К» ЖШС, «Казахавтодор» ЖШС, «ЕвроАзия» ЖШС, «Казавтожол» НК АҚ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері, жеке кәсіпкерлер «Абдуллин», «Добилов», облыстық білім басқармасының бөлім мамандары, БАҚ өкілдері, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің қызметкерлері қатысты.

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінен WorldSkills Aktau-2023» өңірлік кәсіптік шеберлік чемпионатына 35 құзыреттілік бойынша 59 білім алушы қатысты. Нәтижесі бойынша: І- ші орын, «Алтын» медаль иегерлері -13, ІІ – ші орын «Күміс» медаль иегерлері -8, ІІІ-ші орын «Қола» медаль иегерлері-5, «Үздік маман» медальон иегерлері -3. Республикалық кезеңде «Инженерлік графика СAD» бойынша «Үздік маман» Құралбай Назерке Сулейменқызы марапатталды.

Колледждің «Үміт сәулесі» еріктілері «Кәсіптер әлеміне саяхат» жобасы аясында «Ана махаббаты» қоғамдық қорының 50 ерекше балдарына «ӘР КҮНДЕ БІР ИГІ ІС» тақырыбында «Құрылыс», «машинажасау технологиясы», «ІТ технологиялар», «Энергетика» салалары бойынша шебер-сыныптар, «Вишневый сад» фотостудиясында «Happy kids 2023» фотокастинг, спорттық шаралар ұйымдастырып өткізді. «Кәсіптер әлеміне саяхат» жобасының мақсаты: адамның кәсіби қызметіне танымдық қызығушылықты қалыптастыру, балалардың кәсіптер, құралдар, еңбек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту және жалпылау. Ерекше балаларға адамдардың кәсіптері, еңбек функцияларының атаулары, еңбек құралдары, жұмысшылардың еңбегінің маңыздылығы туралы тұжырымдамалық аппараттың қалыптасу дәрежесіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында өткен облыстық «Алтын күз – 2023» кросы жарысында 2 орын, «Жас турист -2023» облыстық туристік слетінде «Алау» тобы 2 дәрежелі диплом, Республикалық «Мен кәсіпкермін» онлайн өңірлік турнирінде «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағыты бойынша 2 дәрежелі диплом, «Жыл студенті -2023» облыстық студенттер байқауында Көшен Мирас «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы» номинациясымен марапатталды.

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту үшін колледжде қызығушылық клубтары мен спорттық секциялар жұмыс істейді.. Олар «Парасат» дебат клубы, «Саналы ұрпақ» клубы, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы және волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, футбол, тоғызқұмалақ, ұлттық спорт түрлері, жеңіл атлетика, дойбы спорт секциялары жұмыс жасайды.

Колледждің 2023 жылдық есебін қорытындылай келе 2024 жылға міндеттер қойылды.