ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ
Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.
Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.
Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды.
Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.
Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол.
Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Мысалы «Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтып, әр қабылданар шешім мен істің тек бір адамның ғана емес, тұтастай елдің тағдырына әсер ететінін жеткізген.
Қазыбек би бір оқ атпай, артық қантөгіссіз ең күрделі мәселелерді шеше алған.
Ең мықты хандар мен қасарысқан жаулар да оның сөзіне құлақ асқан, өйткені Қазыбек би оларды сөзі мен даналығымен таң қалдырған. Оларды жүректеріне жеткізіп айта білген.
Ол сондай-ақ бытыраңқы қазақ руларын біріктіріп, бейбітшілік пен келісімге шақырды. Өзінен кейін халқы өмір сүрген әділ заңдар қалдырды.
Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті.
Бейне-дәріске сілтеме:
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=314&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100025649776065%2Fvideos%2F873147973550187%2F&show_text=false&width=56
2 қараша 2021
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және жастардың бойында патриоттық, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің БӘД пәнінің оқытушысы Б.Шәріп және дене...
2 қараша 2021
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубының слеті аясында колледж белсенділері флешмоб ұйымдастырды. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» ұранымен жастарды әділдікке, парасаттылыққа және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. ...
22 қазан 2021
Адалдық сағатында: Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев
Адалдық сағатында: Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаевқа арналған кезекті «Адалдық сағаты» өткізілді. Қазақ халқының ардақты ұлы, заңғар жазушы, аңыз адам Әбіш Кекілбаев ұлттың руханиятында өшпес...
22 қазан 2021
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің ТМ-21-02 тобының студенттері топ жетекшісі Р.Тоқсанбаев «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты облыстық байқауға суреттерін ұсынды. ...
22 қазан 2021
Сыбайлас-жемқорлық
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» кешенді жоспарына сәйкес, ТЖ-21-01с тобында топ жетекшісі Клитова Мира «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында топ сағатын өтті. Топ сағатының мақсаты – “Сыбайлас-жемқорлық” ұғымын түсіндіру, студенттер арасында сыбайлас...
22 қазан 2021
Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру
Нұр Отан партиясы Бірлік филиалының ұйымдастыруымен Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушылары, студенттері студент жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес, оған мүлдем төзбеушілік қағидаттарын түсіндіру мақсатында «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» ...
19 мамыр 2021
Адалдық сағаты
Ақын Мақпал Мысамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Адалдық сағаты” ...
4 мамыр 2021
Саналы ұрпақ
«Саналы ұрпақ» студенттік ұйымының жоспарына сәйкес, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында квест ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға деген қызығушылығын арттыру үшін ойын-танымдық түрде дайындалды. Жасырылған жұмбақтарда студенттер академиялық адалдық,...
20 сәуір 2021
Колледж кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышы ашылды
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышы ашылды. «Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге...
7 сәуір 2021
...
25 наурыз 2021
ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ
Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің...
8 ақпан 2021
ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда. Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды. Қазақстан...