kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Күндізгі оқу

МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған білім алушыларға емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушылардың «жақсы», «өте жақсы» бағаларына сәйкес баға алғанда төленеді.

3. Академиялық демалыстан оралған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау академиялық айырмашылық толық жойылған жағдайда академиялық демалыстан қайтып оралғаннан кейін бірінші академиялық кезеңнің аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

4. Басқа  оқу орындарынан ауыстырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылық толық жойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде білім алушыларға стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан төленеді.

7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі болмаса ұлғайту ескеріліп төленеді.

8. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын білім алушыларға 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.

9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге 75% үстеме төленеді

10. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын білім алушыларға 30 % үстеме төленеді

11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "өте жақсы" деген бағалары бар білім алушыларға 15 % үстеме төленеді. 

 





27 қазан 2022

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ

Бақылаудың барлық түрлеріндегі білім алушылардың білім жетістіктері тікелей пропорционалды қатынасқа ие балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің бағалауымен анықталады (1-кесте).  1-кесте. Дәстүрлі бағалау шкаласына ауыса отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік...

30 наурыз 2021

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ТРАНСПАРЕНТТІЛІГІ

1.Колледжде білім беру үдерісін ұйымдастыру ашық, объективті және этикалық норма принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Колледждің оқытушылар құрамы: оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге; оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз...

26 наурыз 2021

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ

1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі білім алушыларды қорытынды аттестаттау Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білімі бар кадрларды даярлау бағыттары үшін білім беру бағдарламаларының бекітілген оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі. 2....

26 наурыз 2021

МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын,...

26 наурыз 2021

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ КОЛЕДЖДЕН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ

 Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің білім алушысы колледжден шығарылуы мүмкін: академиялық үлгермеушілік үшін;  себепсіз бір семестрде 36 және одан көп сағат оқу сабақтарын өткізу үшін; ішкі тәртіп Ережелерін, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).