kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Студентке

«Үздік колледж кітапханасы» облыстық конкурсына материалдар жинағы

Директор: Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Кітапханашы: Сатыбалдиева Гулзайнап Хамитқызы

Мекен жайы:

Ақтау қаласы, 3б мөлтек ауданы,

тел. 50-48-79. Факс: 50-76-16

e-mail: Mkkk-mptk@ mail.ru

сaйт: http://mptk.edu.kz/  

 

«Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты ».

Н.Назарбаев.

Оқу орнының дамуы:

  • 1972 ж. – Гурьев облысындағы кәсіптік техникалық училищесі мен Форт-Шевченко қаласындағы №54 кәсіптік техникалық училищесі бірігіп, Шевченко қаласындағы жаңа оқу кешеніне көшіріліп, №11 қалалық кәсіптік техникалық училищесі болып аталды.
  • 1974 ж. – ҚазССР Министр кеңесінің қаулысымен Маңғышлақмұнай өндірістік ұйымына салалар бойынша мамандар дайындайтын №1 Ақтау қалалық кәсіби –техникалық училищесі.
  • 1993 ж. – Маңғыстау облысы әкімшілігінің №1 жоғары кәсіптік училищесі.
  • 1997 ж. – Маңғыстау облысы әкімінің №451 07.1997 жылғы “  Орта кәсіби оқу орындары туралы ” шешімінің негізінде Маңғыстау политехникалық колледжі атағы берілді.

Сапалы білім –болашағымыздың кепілі

Маңғыстау политехникалық колледжі –Маңғыстау аймағындағы беделді, көп салалы, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын  техникалық және кәсіптік  білім беретін іргелі оқу орындарың бірі. Бүгінде оқу орны еңбек нарығында сұраныстағы 20 мамандық бойынша мамандар даярлайды.

1

0518000

«Есеп және аудит» (салалар бойынша); біліктілігі: 051803 3 экономист- бухгалтер

2

0801000

«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау жұмыстарының технологиясы»; біліктілігі:080114 3 техник-технолог

3

0802000

«Мұнай-газ қоймалары мен қондырғыларын салу және пайдалану»; біліктілігі:080204 3 техник-механик

4

0805000

«Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау»;  біліктілігі:080502 3 техник-технолог

5

0809000

«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану»; біліктілігі: 080922 3 техник-механик

6

0810000

«Мұнай-газ және жанармай құю станцияларын салу мен пайдалану»; біліктілігі:081005 3 техник-механик

7

0816000

«Химия технологиясы және өндіріс» (түрлері бойынша)  біліктілігі: 081604 3 техник-технолог

8

1014000

«Машина жасау технологиясы» (түрлері бойынша)  біліктілігі:101403 2слесарь-жөндеуші

9

1114000

«Пісіру ісі» біліктілігі: 111406 3 техник-механик

10

1201000

«Автокөліктерді техникалық жабдықтау, жөндеу және пайдалану» біліктілігі: 120112 3 техник- механик, 112005 3 электромеханик

11

0814000

«Полимерлік өндіріс технологиясы» біліктілігі: 081412 3 техник-технолог

12

1203000

«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»: біліктілігі: 120309 3 тасымалдауды ұйымдастырушы техник

13

1304000

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» біліктілігі 130404 3 техник-бағдарламашы

14

1401000

«Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» біліктілігі: 140124 2кең бейінді құрылыс шебері

15

1410000

«Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» біліктілігі: 141001 3 техник-құрылысшы

16

1517000

«Төтенше жағдайларды қорғау»  біліктілігі: 151703 3 техник

17

1412000

«Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»,  біліктілігі: 141209 3 техник-технолог

18

0807000

«Мұнай мен газ кәсіпшіліктерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» біліктілігі: 080703 3 техник-механик

19

1109000

«Токарлық іс және металл өңдеу» біліктілігі: 110911 3 техник-механик

20

0808000

Мұнай, газөңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 080803 3 техник-механик

Болашақ мамандарды даярлау  күндізгі және сырттай бөлімдерде жүргізіледі.  Колледжде  студенттер мен жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағытында ресурстық орталық жұмыс жасайды. Онда  әртүрлі  мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады.

Педагогтар мен білім алушылар туралы мәлімет

Орта буын мамандарын даярлауда 154 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 2 оқытушы ғылыми дәрежелі, 11 магистрант,  99 оқытушы жоғары және бірінші санатты. 7 педагог мемлекеттік наградаларға « Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерінің иегері. 20-дан аса оқытушы Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Білім алушылар контингенті

Оқу жылы

Барлығы

Күндізгі

  Сырттай

  Бітіруші

  түлектер

2016-2017

2648

1939

709

  673

 

Кітапхананың кадрлар құрамы

Сатыбалдиева Гулзайнап Хамитқызы - кітапхана меңгерушісі, білімі арнайы орташа, кітапхана жұмысының жалпы өтілі 30 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 11 жыл.

Бекмуратова Райхан Сапарбаевна – кітапханашы, білімі жоғары, мамандығы  биолог,  кітапхана жұмысының жалпы өтілі 1 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 1 жыл.

Колледж  кітапханасының қызметі туралы ақпарат

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.
Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері  халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. Студенттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру- кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

  Маңғыстау политехникалық колледжі – Маңғыстау аймағындағы беделді, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда оқу орны еңбек нарығында сұраныстағы 20 мамандық бойынша орта буын мамандарын даярлайды.

Кітапхана сипаттамасы

Кітапхана оқу орнының құрылуымен қатар  уақыттан бері оқырмандарға қызмет көрсетеді. 2006 жылдан жаңа корпустың екініші қабатына көшірілді. Кітапхананың жалпы ауданы 233,3 м2, кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны 50.

Мақсаттары мен міндеттері

  • Студенттер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;
  • заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын қанағаттандыру;
  • кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға  қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;
  • жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдесінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етіп және бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы;

Колледж 2008 жылдан Интернет желісіне қосылған, қазіргі уақытта 2048 Кбит/с лимитсіз жылдамдығымен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, видео және  фотожабдықтар колледжде өткізілетін барлық шаралар үшін қолданылады. Колледжде  mkkk-mptk@mail.ru электронды поштасы және  www. mptk.edu.kz  web - сайты қызмет етеді. Сайтта кітапхананың арнайы web – парағы ашылған. web – парағынан кітапхана туралы барлық мәліметтерді тауып алуға мүмкіндік бар. Кітапханамызда 11 компьютер, 1 принтер және сканер орналасқан.  Кітапхана іс-қағаздарын жүргізу үшін электронды поштаны қолданады. Кітапхана  қажеттілігі үшін есептеу орталығы қызмет етеді.

Кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу аясында жарнама материалдары жасалады, ақпараттар сайтқа енгізіледі. Ақпараттың сақталуы, өзектілігі және тұтастығы сайтта жаңартылып отырылады. Ақпарат алмасу үшін электронды пошта, телефон, интернет, факс байланыс құралдары қолданылады.


2016-2017 оқу жылындағы кітапхана  жұмысының сапалық көрсеткіштері:

Келім

Оқылым

Айналымдылық

Кітаппен қамсыздандырылуы

9,3%

19,3%

29,2%

66%


2016-2017 оқу жылындағы кітапхана қызметінің бақылау сандық көрсеткіштері:

Кітапхананың пайдаланушылары саны (оқытушылар, студенттер)- 1904.

Жаңа әдебиеттер түсімі мен мерзімді басылымдар туралы 

Жаздырып алынған мерзімді басылымдар саны

Жаңа әдебиеттердің түсімі

Кітапхананың жиындық қорына шаққанда жаңа әдебиеттің пайызы %

  126

  3500

6,2

2016-2017 оқу жылындағы кітапхана қорының сипаттамасы

Кітапхана қоры

Оқу-әдістемелік  құралдар қоры

Арнайы пән оқулықтар  қоры

Жалпы  кәсіптік пәндер бойынша

Жалпы білім беретін пәндер оқулықтары қоры

Көркем әдебиет қоры

Электронды оқулықтары қоры



Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс

Қаз

Орыс


808

1058

11334

8176

2738

8378

7595

5903

1138

8081

430

78

55717

1866

19510

11116

13498

9219

508


 

Кітапханада кітап қорын толықтыру және қорды сақтау

Кітапхана қорын толықтыру колледж кітапханасы  «ФОЛИАНТ», «NURPRESS » баспасы арқылы  тапсырыс берумен  кітаптар жеткізіледі. Кітапханаға мекемеден сыйға тартқан кітаптармен де толықтырып отырады. Кітапханашы кітап қорында айдың соңында тазалық кунін жариялайды, кітапханаға қарыз оқырмандарға телефон соғу, топ жетекшілеріне жазбаша ескерту жазу да жүргізіліп отырады.

Кітапханада өткізілетін шаралар туралы

Жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында 1 курс студенттеріне арналған «Кітапханалық сабақтар» ұйымдастырылады

Сабақ барысында  студенттерді «Кітапхананы пайдалану ережесімен», кітап қорымен, каталогтармен жұмыс, кітап көрмелерінің мазмұны, мерзімдік басылымдар туралы, кітапханаға тіркелу тәртібі, т.б. қызмет көрсету түрлерімен жоспарлы түрде кестеге сәйкес өткізілуде.

Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық- көпшілік шаралар, айтулы даталарға байланысты шаралар, жыл сайын жолданатын  Елбасы Жолдауын насихаттау жұмыстары ұйымдастырылады. Кітапхана кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен жаңартып толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады.  

Кітапхана қажетті есептеу-тіркеу және есептік құжаттанамаларды жүргізіп отырады. Кітаптар мен әдебиеттерге инвентарлық тіркеу жүргізіледі. Басқарудың негізгі формаларына жатады: құжаттық қамсыздандыру, есептеу, есептік, кітапхана туралы ереже, штаттық кесте, кітапхана меңгерушісі мен кітапханашының қызметтік нұсқаулықтары. Кітапхана оқу жылына жұмыс жоспарын құрастыруда оқу жоспарларын және колледждің оқу- әдістемелік, тәрбие жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Кітапхана меңгерушісі әкімшілік отырыста жыл сайын кітапхана жұмысы туралы есеп береді.

Біліктілікті  арттыру

Кітапханашылар кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін жетілдіру жүйесіне, семинарлар жұмысына қатысып отырады. Кітапхана меңгерушісі келесі біліктілік арттыру оқуларынан өтті:

  • «МАРК-SQL» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесін (ААКЖ) қолдану негізінде мектеп кітапханаларының ақпараттық –кітапханалық қызметін автоматтандыру» бағдарламасы бойынша семинар-тренингке қатысты, сертификат №00115, шілде 2011ж.
  • Білім сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің «Институционалды аккредитация шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» семинарына қатысты. Сертификат №58, маусым 2014ж.
  • «Қазақстан патриоты» республикалық әскери-патриоттық журналының «Тәуелсіздік- Ел тілегі» атты шығармашылық байқауына қатысып, 2 орынға ие болды.

2016-2017 оқу жылының жоспары бойынша жүргізілген көпшілік шаралар

Оқу жылы оқырмандар мен студенттерге «Қазақстан Республикасының Ата заңы» туралы тақырыптағы кітап көрмесін таныстырумен басталады. Тілдер мерекесі қарсаңында  «Тілдің мерейі-елдің мерейі» тақырыбында зияткерлік-танымдық ойын өткізіліп, кітап көрмесіне шолу жасалады.  Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты портрет кеші, салауатты өмір салтын насихаттауда «Менің денсаулығым-менің болашағым», «Темекінің зияны», «СПИД- 21 ғасыр дерті» атты шаралар өткізіліп, тақырыптық сөре, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Студент жастарға Қазақстанның сырттан келген  басқа ұлт  өкілдеріне алтын бесік болған әлемдегі мемлекеттердің бірі екендігін ұғындыру, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы насихат жұмыстарын жүргізу барысында «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі-Тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып өткізілді.  Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік», «Қазақ Елінің  ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел» тақырыбтарына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, материалдармен толықтырылып  насихатталуда. Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау-болашаққа сенімділік» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде жинақталған материалдармен студент жастарды таныстыру мақсатында шолу өткізілді. Әртүрлі айтулы даталарға байланысты көптеген шаралар өткізіліп отырылады. Биылғы маусым айында ашылатын «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпарттық-танымдық стенд жасақталды. Кітапхана қызметінде патриоттық, эстетикалық, өлкетану, экологиялық тәрбиеге көңіл бөлініп отырады. Осы бағытта өткізілген шаралар «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» өз облысымыздан ҰОС-на қатысқан ардагерлер туралы,  «Табиғат-тал бесігіміз», «Адамгершілік-асыл қасиет», «Туған жерің-тұғырың», «Тәрбие тұғыры –имандылықта» т.б. тақырыптардағы жоспарға сәйкес жүргізілген  насихат жұмыстарын атауға болады.

Кітапханада тоқсанына бір рет «Хабарлама күні» өткізіліп отырылады. Мақсаты- кітапханаға келген  «Жаңа кітаптармен», баспасөз басылымдармен оқырмандарды таныстыру.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мен оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп ізденуді және оқуды талап етеді. Осыған байланысты болашақта электронды кітапхана алу жоспарлануда.

2016 жылдың 7-ші қазан күні өткізілген Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай  кітапханашылар арасында ұйымдастырылған Республикалық «Тәуелсіздік – ел тірегі » атты байқаудан   Маңғыстау  политехникалық  колледжі  кітапханасы ІІ – орынға ие болды.

  «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан»

2016 жылдың 11 қараша күні Маңғыстау  политехникалық  колледж  кітапханасы Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты кездесу – кешін өткізді. Іс – шараның мақсаты:  студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Колледждің ХТ 16 -01 с тобының студенттері  Саламатова Д., Туленова Д.,   ВТ 16 – 01 с тобының студенті ИсаковаА. тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өз шығармашылықтарымен таныстырды. 

«Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!»

  2016 жылдың 8 –ші  желтоқсан  күні Маңғыстау  Политехникалық колледж кітапханасында   « Тұғырлы бол, Тәуелсіздік! »  атты зияткерлік ойын сайысы  өткізілді.  Іс – шараның мақсаты: Отанымыз Қазақстанның тарихы туралы зердемізді  қайта парақтап, жаңаша ой түйіндеу. Студенттердің  ойлау  қабілетін арттыру, өз  ойын  ортаға  салуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сайысқа «  Жас қыран », « Жалын » , « Ұлан » топтары болып үш топ қатысты. «  Жас қыран », « Жалын » , « Ұлан » - топтары білімдерін ортаға салып,  берілген сұрақтарға мықты дайындалғандары білінді. Бұл шарада орын мен сертификаттар берілді. І – орын « Ұлан », ІІ – орын «  Жас қыран », ІІІ – орын « Жалын » топтарына берілді  

2017 жылдың 3 наурызында колледж кітапханасында « Мейірімді ана » - атты көрме ұйымдастырылды. Оған әр топтан қатысқан студенттер сурет арқылы ананың бейнесін  көрсете білді. Портрет, еркін сурет, бояу арқылы мейірімділік пен махабатты,ананың балаға деген сүйіспеншілігін көрсете білді. 





10 сәуір 2019

« 1-желтоқсан Еліміздің Тұңғыш Президенті күні »

« 1-желтоқсан Еліміздің Тұңғыш Президенті күні »   Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің студенттері арасында  ағымдағы жылдың 30-шы қарашасы күні колледж кітапханашылары Г.Х.Сатыбалдиева, Р.С.Бекмуратова, тарих пәнінің оқытушысы Л.Шанбасова, колледж психологі...

10 сәуір 2019

«Үздік колледж кітапханасы» облыстық конкурсына материалдар жинағы

Директор: Шолтанова Зарипа Есенбаевна Кітапханашы: Сатыбалдиева Гулзайнап Хамитқызы Мекен жайы: Ақтау қаласы, 3б мөлтек ауданы, тел. 50-48-79. Факс: 50-76-16 e-mail: Mkkk-mptk@ mail.ru сaйт: http://mptk.edu.kz/     «Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда...

10 сәуір 2019

Тәуелсіздік – ел тілегі

  ...

10 сәуір 2019

2016-2017 Оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

Мақсаттары мен міндеттері Негізгі міндет, бағыт, бағдарлама – кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ақпараттар берумен, мәдени-ағарту және ғылыми көпшілік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Оның негізгі міндеттері – оқу-тәрбие процесін әдебиетпен...

10 сәуір 2019

Кітапхананың фото сүреттері

...

10 сәуір 2019

«Маңғыстау политехникалық колледжі»электронды оқулықтар тізімі

НВП ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ        № Автор Название Кол-во Год 1 «Безопасность раб-ы машин и мех-ов в стр-ве» 1 2 «Гражданское обороны» ч.1 1 ...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).