kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Жобалар

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Бұл семинар-практикумның негізгі мақсаты:

  • инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын көрсету;
  • оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру;
  • озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және өзара тәжірибе алмасу;

Семинар-практикумға Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері,  әдістемелік бірлестік мүшелері,  әдіскерлер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» аттты облыстық семинар-практикумның жоспарына сәйкес, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің директорының міндетін атқарушы  К. К. Джантекеева алғы сөз сөйледі және  колледж директоры Ж. К. Ниталиев бағдарлама бойынша бұл семинар-практикумның 3 бөлімнен және 2 бағытқа бөлінгендігін таныстырып, 2016-2017 оқу жылы аттестаттаудан өтетін оқытушылардың ашық сабақтары, шеберлік сабақтары, панорамалық сабақтарын және баяндамаларын атап өтті.

Бұл семинар-практикумның бағдарламасына сәйкес, 1-бағыт бойынша тарих пәні оқытушысы Р. Шаудирбаевтың «1929-1931 ж.ж. Кеңес өкіметіне қарсы шаруалар көтерілісі. Адай көтерілісі» тақырыбында ашық сабағын, алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Б. И. Шәріп және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Б. У. Бахтеновтің бірлесе «Болашақ жас сарбаздар» әскери спорттық сайыс сабағын, тарих пәні оқытушысы А. К. Аманжолованың «Қазақ жүздерінің этникалық құрылымы», дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Г. Б. Умирханованың «Волейбол ойынындағы шабуылдаудың тактикалық қимылдары, Толқын, Крест» тақырыбындағы панорамалық сабақтарын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Ш. Т. Толесинова және Ж. З. Адилбекованың «Маңғыстау –маңғаз мекенім» ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ал 2-бағыт бойынша, салық және салық салу пәнінің оқытушысы  А. К. Аманкалиева және информатика пәні оқытушысы С. К. Караеваның бірлесе «Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемді есептеу» тақырыбындағы бинарлы сабағын, физика пәнінің оқытушылары Н. Ж. Муналбаева мен Г. Е. Курашеваның бірлесе «Құпиясы кең әлем» физикалық кеші сайыс сабағын, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету пәні оқытушысы С. С. Айтуардың «Автомобиль дөңгелектеріне  теңгеру жасау», Мұнай мен газды жинау және дайындау пәні оқытушысы   М. Ч. Епенованынң «Мұнай, ілеспе газ және суды жинаудың кәсіпшілік сызбалары» тақырыбындағы шеберлік сабақтарын, химия пәнінің оқытушылары Г. А. Туракованың «Аммиак, аммоний тұздары», С. И. Мугауованың «Мұнай құрамындағы судың мөлшерін анықтау» және физика пәні оқытушысы К. О. Айтмаганбетованың «Ядродағы  нуклондардың  байланыс  энергиясы» тақырыбындағы панорамалық сабақтары өткізілді

Семинар-практикумның жоспары бойынша, теориялық бөлімде Маңғыстау политехникалық колледжінің ресурстық орталығының меңгерушісі А. Р. Туребаевтың «Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудағы ресурстық орталықтардың қызметі» тақырыбындағы баяндамасы оқылды және Беларусь елінің, Минск қаласындағы Республикалық кәсіптік білім институтына іс-сапарынан кері байланыс жасалды.

Сонымен бірге тарих пәні оқытушысы Р. С. Абишевтің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы»  тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Семинар-практикум барысында биылғы 2016-2017 оқу жылында аттестаттаудан өтетін оқытушылардың шығармашылық сабақтары талданып, сәйкесінше қорытындыланды және аттестатталушы оқытушылар қатысушылардың тарапынан ұсынылған біліктілік санатына лайықты деп танылды.









 













9 сәуір 2019

«ЖАСТАР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ІС-ШАРА

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында  «Ел болашағы – жастар» деген ұранды басшылыққа ала отырып,  Маңғыстау политехникалық колледжінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауқымды шара өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз жастарымызға  болашақ Қазақстан азаматы - дені сау, білімді, ұлтжанды, елін...

9 сәуір 2019

«Бәсекеге қабілетті бүгінгі маман-ертеңгі Қазақстанның болашағы»

  ...

9 сәуір 2019

Индустриалдық кеңес

Мамандар дайындауда түлектердің кәсіби дайындық деңгейін, олардың ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін, оқу бағдарламаларының тиімділігін қамтамасыз ету және өндіріспен тығыз байланысты орнату мақсатында, коммерциялық емес АҚ «Кәсіпқор» Холдингпен»  колледж арасындағы...

9 сәуір 2019

2016-2017 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫМЕН!

  ...

9 сәуір 2019

2016 жылдың 19 сәуірінде Маңғыстау политехникалық колледжінде жоспарға сәйкес «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.

2016 жылдың 19 сәуірінде  Маңғыстау политехникалық колледжінде жоспарға сәйкес  «Бәсекеге  қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті. Мақсаты: инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мамандардың...

9 сәуір 2019

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Бұл семинар-практикумның негізгі мақсаты: инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын көрсету; оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру; озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау...

4 сәуір 2019

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі №5 жатақхана студенттерімен а,ымдағы жылдың 3 сәуір күні АГП №1-ші поликлиника терапевті Сахтаганова Асьма Катаевнаның қатысуымен «Жұқпалы аурулардың таралуы» тақырыбында кездесу өтті.

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі №5 жатақхана  студенттерімен а,ымдағы жылдың 3 сәуір күні АГП №1-ші поликлиника терапевті Сахтаганова Асьма Катаевнаның қатысуымен «Жұқпалы аурулардың таралуы» тақырыбында кездесу өтті.Студенттерге қызылша ауруының індеттері мен жалпы жеке гигиена туралы толық мәлімдеме берілді. Сонымен қоса дұрыс тамақтану туралы және дұрыс тамақтанудың біздің ағзамызға қандай жақсы әсері бар екендігін айтып өтті. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

3 сәуір 2019

«1- наурыз - Алғыс айту күніне» орай « Мәңгілік ел – менің арманымның мекені» атты көрме өткізілді

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің студенттері арасында  ағымдағы жылдың 28 ақпан күні колледж кітапханашылары Г.Х.Сатыбалдиева Р.С.Бекмуратованың ұйымдастыруымен  «1- наурыз - Алғыс айту күніне» орай « Мәңгілік ел – менің арманымның  

28 наурыз 2019

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақхана студенттері арасында 28 наурыз күні «Денсаулық зор байлық» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізіліп, сайыс өтті.

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақхана  студенттері арасында 28 наурыз күні «Денсаулық зор байлық» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізіліп, сайыс өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсаты студенттерге денсаулық жайлы мәліметтер беріп, дұрыс көзқарас орнату және денсаулықтың қазіргі ортада маңыздылығын білу. Денсаулық біздің өмірімізді талпынысқа,өзін көрсетуі,жетістікке жету,ең алдымен өзін қоғамда қалыптасуына  көмегі зор екендігін айтып жеткізу. Қыздар мен ұлдар арасында армрестлинг көнілді сайыс түрі, қазақша күрес сайысы өтті. 

14 наурыз 2019

«Амал келді – жыл келді» атты мерекелік шараның жоспары

«Амал келді – жыл келді» атты мерекелік шараның жоспары  Уақыты: 14 наурыз 2019 жыл сағат 10.00 

14 наурыз 2019

14 Наурыз Амал мерекесіне орай өткізілген «Амал келді – жыл келді» атты оқытушылар арасында өткен Арқан тарту ұлттық спорт түрінен

14 Наурыз  Амал мерекесіне орай өткізілген «Амал келді – жыл келді» атты  оқытушылар арасында өткен Арқан тарту ұлттық спорт түрінен 

14 наурыз 2019

«Амал келді, жыл келді» атты іс-шара

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді» атты іс-шара өтті. Жоспарға сәйкес көптеген шаралар өтті. 


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).