Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде колледж қызметкерлеріне, студенттеріне төтенше жағдайлар
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде колледж қызметкерлеріне, студенттеріне төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезінде жедел хабардар ету мақсатында оқу-жаттығу жүргізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты ТЖ қаупі төнген және орын алған кезде әрекет етуге дайындығын тексеру, колледж студенттері мен қызметкерлерін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды жою кезінде әрекет етуге жаттықтыру болып табылады. Оқу-үйрену жұмысы 5 наурыз күні таңертеңгі сағат 10.00-де басталды. Төтенше жағдай туындаған кезде эвакуациялық іс-шараның өткізілуін тексеруде, колледж қызметкерлері мен студенттеріне дабыл (ұзақ қоңырау үш рет) соғылып, кабинеттегі пән оқытушылары мен студенттерді қосымша шығу тұстары бойынша колледж ауласына тез арада алып шықты. Ғимараттағы барлық адамдардың шыққан уақыты 4 мин 15 сек болды.
14 наурыз 2019
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақханасында 14 наурыз күні жатақхана қызметкерлері және студенттерімен бірлесе отырып, Амал мерекесіне арналған іс шаралар өтті.
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақханасында 14 наурыз күні жатақхана қызметкерлері және студенттерімен бірлесе отырып, Амал мерекесіне арналған іс шаралар өтті. Студенттер арасында қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту, гір тасын көтеруден, қыз балаларымыз шаш өруден сайысқа түсті.
12 наурыз 2019
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні «Zhas Project» жобасын түсіндіру мақсатында «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен колледж студенттеріне кездесу өтті.
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні «Zhas Project» жобасын түсіндіру мақсатында «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен колледж студенттеріне кездесу өтті. Қазіргі таңда жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін бірден бір мүмкіндік екендігі айтылды. Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
5 наурыз 2019
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде колледж қызметкерлеріне, студенттеріне төтенше жағдайлар
Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде колледж қызметкерлеріне, студенттеріне төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезінде жедел хабардар ету мақсатында оқу-жаттығу жүргізілді.