kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Жобалар

2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халықына Жолдауын жолдады.

2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халықына Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. Елбасы 2018 жылдың күнтәртібін белгіледі десек де болады. Президент өз Жолдауында  халқына салмақты  ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты 10 негізгі  бағыт ұсынып отыр.

    Бүгінде кез келген ұжым Жолдауды ортаға салып талқылап, ой өрбітуде. Маңғыстау политехникалық колледжінің ұжымы да Елбасы Жолдауын қызу талқылап, ойларын ортаға салды. Оқытушылардың ендігі мақсаты- Жолдаудың мазмұнын студенттік топтарда талқылау болып табылады.

Колледж директоры Жанбек Ниталиев  сөз алып: «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде  өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс»,- деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде.  Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Бірінші кезекте Елбасы: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетулі үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Президент. Тиімді мемлекеттік басқару, Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудағы негізгі басымдықтар.
       Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі  ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны  жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру  бағыты бойынша  кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды».

Оқытушылар да өз ойларын ортаға салды. Жаңа технологияны дамыту қазіргі глобализация заманында экономикамыздың алға ілгерілеуінің негізгі бағыты болып отыр. Бәсекеге қабілетті,заман талабына сай білікті маман даярлау- оқу орны ұстаздарының басты міндеті.

Әлемді арбаған дағдарыстың ушығып тұрғанын ескере отырып, Президент осы тығырықтан шығудың нақты жолдарын ұсынды. «Қазақ халқы өз тарихында қазіргідей жақсы жағдайда өмір сүрген емес» деген Елбасы, осы тұрмысты бағалай отырып, айрылып қалмаудың жолдарын анықтап берді. Жай қарапайым мысалдар арқылы-ақ ащы шындықтың тігісін жатқыза түсіндіре отырып, санаға сіңірді. «Қазақтың бақуатты байлары  бай болуды үйрену керек», «артына қоңырау тағып шет елді шуылдатпай» қазақтың байлары байлығын ел игілігіне жұмсап, сырттағы байлығын елге әкелсін деп атап өтті Елбасы. 

Президент өз Жолдауында  халқына салмақты  ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынып отырды. Жолдау мазмұнында ешбір науқаншылдық  немесе бұйрық беру лебізі байқалмайды. Жайлап айтып, ақылға шақыру басым. «Әй, ағайын, алды – артыңды бағдарла, асып-төкпе, елден қалма, өз жағдайыңды адалынан өзің жаса, артылса  ағайынға қарайлас» дегенге саяды Елбасының ойы. Осының өзінен халқына деген жылы лебіздің, ерекше қамқорлықтың, таза пейілдің лебі есетінін сезіну  қиын емес


 





9 сәуір 2019

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Маңғыстау политехникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Жоспарға сәйкес көптеген шаралар өтті.

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Маңғыстау политехникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Жоспарға сәйкес көптеген шаралар өтті. 

9 сәуір 2019

«Жомарт жүрек»

Маңғыстау политехникалық колледжі студенттері ағымдағы жылдың 13 наурыз күні «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы аясында Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесіне орай Маңғыстау облыстық қарттар үйіне «Мейірім шапағаты» атты  қайырымдылық концертін көрсетті. 

9 сәуір 2019

Асар» қайырымдылық акциясы аясында «1 наурыз – Алғыс айту» күні мерекесіне орай

Маңғыстау политехникалық колледжі ағымдағы жылдың 1 наурыз күні  «Асар» қайырымдылық акциясы аясында «1 наурыз – Алғыс айту» күні мерекесіне орай  «№3  Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде денсаулығында психоневрологиялық ауытқулары бар, бала жастан мүгедек, өзіне-өзі қызмет ете алмайтын, бөгде адамның көмегіне мұқтаж балаларға арналған  мекеме аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. 

9 сәуір 2019

2018 жылдың 26-28 ақпан аралығында жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan-2018» республикалық чемпионатының «Worldskills Aktau» өңірлік кезеңі өтті.

2018 жылдың 26-28 ақпан аралығында жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan-2018» республикалық чемпионатының «Worldskills Aktau» өңірлік кезеңі өтті. 

9 сәуір 2019

2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халықына Жолдауын жолдады.

2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халықына Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. Елбасы 2018 жылдың күнтәртібін белгіледі десек де болады.  

9 сәуір 2019

«Білім беру саласында мультимедиялық электронды оқулықты қолдану тиімділігі» тақырыбындағы колледжішілік семинар

Маңғыстау политехникалық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 30 қазанында  колледж базасында  ««Білім беру саласында мультимедиялық электронды оқулықты қолдану тиімділігі» атты колледжішілік семинар-практикум өтті. 

9 сәуір 2019

Облыстық «Үздік колледж кітапханасы» облыстық конкурсы

Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінде 2017 жылдың 30 мамырында «Үздік колледж кітапханасы» облыстық конкурсы өткізілді. Оған Маңғыстау политехникалық колледжінен кітапхана меңгерушісі Сатыбалдиева Гулзайнап Хамитқызы қатысты. 

9 сәуір 2019

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті.

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті. 

9 сәуір 2019

Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының құзіреттілігі бойынша өңірлік кезеңге қатысушылар

Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының құзіреттілігі бойынша өңірлік кезеңге қатысушылар   

9 сәуір 2019

Маңғыстау политехникалық колледжінде 2017 жылдың 8 ақпанында Жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының 13 құзіреттілігі бойынша колледжішілік кезеңі өткізілді.

Маңғыстау политехникалық колледжінде  2017 жылдың 8 ақпанында Жұмысшы мамандығының  «Worldskills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының  13 құзіреттілігі бойынша  колледжішілік кезеңі өткізілді.

9 сәуір 2019

Маңғыстау политехникалық колледжінде 2017 жылдың 26 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 25.01.2017ж. қазақстандықтарға жасаған үндеуін талқылады.

Колледж директоры Ж.Ниталиев Елбасының үндеуі ең алдымен  конституциялық жолмен еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу болып табылатындығы атап өтті. Бұл негізінен еліміздің дамуындағы саяси маңызды парасатты қадам. Бұл үндеу арқылы билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастың форматы...

9 сәуір 2019

Әлеуметтік серіктестердің білім беру үрдісіне қойған талаптарына сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау»

Маңғыстау политехникалық колледжі базасында жоспарға сәйкес «Әлеуметтік серіктестердің білім беру үрдісіне қойған талаптарына сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинарға Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).