kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

8 (7292) 50-03-11

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
3Б шағын аудан, 11

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысының білім басқармасының

Х.Өзбекғалиев атындағы
Маңғыстау политехникалык колледжі

Коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі

Мекеме жаңалықтары

Маңғыстау облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі»

Маңғыстау облысында

«Қазақстандағы Туриндік процесі»

 

«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 24 – 26 қыркүйек  аралығында Маңғыстау политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті, әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік  процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.

2018 жылғы жылдың 24 қыркүйекте зерттеудің жұмыс тобымен (білім басқармасы,  жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, статистика департаменті өкілдері) және өңірдің ТжКБ директорлар Кеңесінің өкілдерімен зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде өңірдің ТжКБ жүйесінің жағдайы мен проблемалық зоналары талқыланды. Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі - ерекше білімді қажет ететін студенттерді оқыту.

Маңғыстау облысында 2018 жылы бірінші рет инклюзивті топ Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде ашылды. Осы бағыт бойынша колледж   директоры Ө. Қайырбаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде мүдделі тараптармен  семинар өткізілді. Семинар қатысушылары: білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының,  статистика департаментінің,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж басшылары, басшы орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог.  Семинарға қатысушылар зерттеудің аналитикалық жиегі аясында жұмыс жасады. Аналитикалық жиекте келесі бөлімдер қарастырылған:

  1. ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру;
  2. Экономикалық прогреске арналған ТжКБ  жүйелерінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  3. ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  4. ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі.

Әр бөлімде ТжКБ саласының келесі стратегиялық бағыттары қарастырылған: еңбек нарығы мен білім беру қызметінің әрекеттесуі, әлеуметтік инклюзия мен өңірдегі демографиялық жағдай, ТжКБ мәртебесі мен тартымдылығын арттыру, студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту,  сандық жүйеге көшу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту және т.б. Семинар топтық жұмыс түрінде жүргізілді. Топтық жұмыс барысында өңірлік ТжКБ жүйесінің оң жақтары, проблемалары және олардың шешімдері қарастырылды.

ТжКБ бөлімінің бас маманы А. Төлеуов мемлекеттік-жеке серіктестік тарапынан өңірдегі колледждерді  жатақханамен қамтамасыз ету, колледждерде «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» факультатив курсын өткізу, «Баршаға ТжКБ тегін беру» жобасының жүргізілу туралы айтып өтті. Аудиторияға топтық жұмыс нәтижелері мен қорытындылары презентациялар арқылы көрсетілді. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

Өңірдегі ТжКБ жүйесі еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауда қандай дағдыларды дамыту керек екендігін айқындау мақсатында 2018 жылдың 26 қыркүйегінде жұмыс берушілерімен кездесу жүргізілді. Кездесуге «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» және де басқа кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.  Іс-шара барысында колледждерде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту, сандық жүйеге көшу, «ІТ-құзыреттілікті дамыту», студенттердің кәсіптік дағыларын дамыту проблемалары қарастырылды.

Осы күннің екінші жартысында дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен,  «Кәсіпкерлікті  дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар өткізілді. Фокус-топтарды өткізу барысында әрбір қатысушының пікірі тындалды. 





 








2 желтоқсан 2020 17:01

ҚР БжҒМ-нің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны және Білім басқармаларының Call-орталықтары. ҚР БжҒМ-нің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің байланыс нөмірлері. Социалдық бейнероликтер.

Құрметті Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж оқытушылары, ата-аналары және де студенттер. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес алу керек болса, БжҒМ-нің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефонына хабарлассаңыздар болады. Ал...

16 сәуір 2020 14:29

Колледж оқытушысы Артықбаева Маржан «Ұлттық тәрбие және ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушысы Артықбаева Маржан «Ұлттық тәрбие және ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын...

16 сәуір 2020 12:48

Колледждің студенттері және де олардың ата-аналары білім беріп жатырған оқытушыларына алғыс білдірді.

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі студенттерінің, ата-аналарының колледж оқытушыларына алғысы. window.fbAsyncInit = function() { FB.init({ xfbml : true, version : 'v9.0' }); }; ...

13 сәуір 2020 10:18

Колледждің mptk.edu.kz ресми парақшасында CALL-орталықтарының нөмірлері белгіленді.

Құрметті Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің ұстаздары, студенттер және ата-аналар ! Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты колледждің қашықтықтан оқытуға ауысуына орай, колледждің білім беру порталына немесе электрондық білім беру ресурстарына сұрақтар туындаса...

6 сәуір 2020 15:25

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі елдегі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жолдарын түсіндірді.

Елдегі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден Өзіңіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында төмендегі алдын алу...

24 наурыз 2020 16:55

Елдегі орын алған ахуалға байланысты , қоғамды қауіп қатерден сақтап қалу үшін Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж студенттері 16.03.2020 бері қашықтықтан білім алуда.

Елдегі орын алған ахуалға байланысты , қоғамды қауіп қатерден сақтап қалу үшін Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж студенттері 16.03.2020 бері қашықтықтан білім алуда. Қазіргі таңда колледж студенттері сабақ күнтізбесі бойынша EDUS білім беру платформасы арқылы уақытылы...

24 наурыз 2020 12:56

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі студенттері 16.03.2020 ж. бастап қашықтықтан білім алуда.

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі студенттері 16.03.2020 ж. бастап қашықтықтан білім алуда. Олардың қашықтықтан білім алуына ешқандай кедергі жоқ. ...

1 қыркүйек 2019 04:17

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! (Алғашқы қоңырау)

2019 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Ақтау «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау Политехникалық Колледжінде» маңызды білім беру колледжінде барлық оқу орындарымен қатар студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне...

14 мамыр 2019 10:06

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық асыл қасиеттерді дарыту

Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық  асыл  қасиеттерді дарыту, жастардың  бірігуі  және  олардың  қоғамға  пайдалы  позитивті қарым-қатынасын нығайту  мақсатында , Облыстық «Қайырымдылық -жылы жүректен» атты эстафеталық жобасы аясында Халел...

14 мамыр 2019 09:57

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізіл

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізілді. Топ жетекшілері Р.Тоқсанбаев «Алғыс айту-парызым», С.Сейдалиева «Мен ұстазыма алғыс айтамын», А.Күзембаева «Алғыс жүректен шығады», А.Еркимбаева...

14 мамыр 2019 09:11

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 26 наурыз күні бітіруші түлектерге диплом беру мерекесі өтті.

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 26 наурыз күні бітіруші түлектерге диплом беру мерекесі өтті. «Машина жасау технологиясы», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша білім алған студенттерімізге диплом...

11 сәуір 2019 10:04

«Кітапхана әлемімен танысу »

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақхана  студенттері арасында «Кітапхана әлемімен танысу » тақырыбында кітапхана меңгерушісі  Сатыбалдиева Гульзайнап Хамитовнаның қатысуымен студенттер арасында әлемдік және өзіміздің кітапханамен...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері




Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.












Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы