kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

BabySkills

2024 жылдың 04 мамыр күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы қызығушылығын арттыру мақсатында «WorldSkills Aktau -2024» чемпионаты аясында «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасы Саламат Мукашев атындағы №16 мектеп базасында өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

2024 жылдың қаңтар айында «Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК және Ақтау қаласындағы Саламат Мукашев атындағы №16 мектебі арасанды меморандум жасақталып, «BabySkills» жобасын енгізу жұмыстары жүргізілді. Аталған жобаға 6 құзыреттік («Автомобиль технологиялары», «Графикалық дизайн», «Мобильді робототехника», «Электромонтаждық жұмыстар», «Токарлық іс және металлөңдеу», «Дене шынықтыру және спорт») бойынша 4 сыныптан 26 іріктеп алынып, мектеп және колледж бас сарпшылары 2 ай бойы даярлаған тапсырмалармен оқушыларды «Білім беру (теориялық)» және «Аспаптық (тәжірибелік)» модулдері бойынша дайындап бірнеше шебер-сыныптарын өткізді.

Жобаның қысқа мерзімді мақсаты - көп сатылы оқытудан өту нәтижесінде балалар әр түрлі қызмет салаларында бастапқы кәсіби дағдыларға ие болады: өнімді қызметте сәтті әлеуметтену тәжірибесі, әр түрлі мамандықтарда өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі.

Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты - ерте кәсіби сынамалардың тұрақты жұмыс істейтін полигонын құру, Baby Skills чемпионатын өткізу, бұл әрбір мектепке дейінгі жастағы балаға және бастауыш сынып оқушыларына кәсіби мамандардан білім алып, отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, заманауи кәсіби құзыреттер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.

Baby Skills чемпионатына қатысушылардың жұмысын сараптаған сарапшылар саны-18 (бас сарапшы-6, сарапшы-10, техникалық сарапшы -2).

«Автомобиль технологиялары», «Графикалық дизайн», «Мобильді робототехника», «Электромонтаждық жұмыстар», «Токарлық іс және металлөңдеу», «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттіліктері бойынша 3 модульден тұратын қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылар дайындықта алған білімдерін тәжірибеде жоғары деңгейде көрсетті.

Чемпионатты қорытындылау барысында оқушылар сарапшылар мен ұйымдастырыушыларына өздерінің эмоцияларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

«Жоба өте қызықты өтіп жатыр. Өзім дене шынықтыру және спорт құзіреттілігін таңдаған едім. Бір ерекшелігі мұнда ұлттық ойындарға бағыт берілді. Сонымен қатар басқа да технологиялық мамандықтар бойынша ақпараттар алдық», - дейді 4-сынып оқушысы Мария Сембаева.

Источник: https://mangystaumedia.kz/.../aktauda_oblistik_%C2...

Жеңімпаздар «Үздік маман» Дипломы және сыйлықтармен марапатталды