kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

ЕЛОРДАДАН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!

ЕЛОРДАДАН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!

2026 жылдың 6 наурызында Астана қаласында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің басшысы Шолтанова Зарипа Есенбайқызы көпжылдық жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл – білім беру саласына сіңірген ұзақ жылдық еңбектің, қажырлы қызметтің лайықты бағасы. Ұжымда ұстаздардың ұстазы атанып, әрбір педагогтің жан-жақты дамуына, кәсіби өсуіне қолдау көрсетіп, жастарға қамқор бола білген іскер ұйымдастырушы Зарипа Есенбайқызын осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге толағай табыстар тілейміз!

Ізгі тілек білдіруші:

Халел Өзбекғалиев атындағы

Маңғыстау жоғары политехникалық колледж ұжымы