DOSTI SKILLS Almatu -2024
СҮЙІНШІ!!!
Бүгін 06 маусым күні Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің базасында «DOSTI SKILLS Almatu -2024» салалық чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
Бұл чемпионаттың ұйымдастырушылары және негізгі кураторлары -«WorldSkills Kazakhstan» қозғалысының Ұлттық операторы «Talap»КЕАҚ және «DOSTI» инновациялық орталығы.
«Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша халықаралық деңгейдегі шараға «WorldSkills International» халықаралық Қытай, Франция, Австрия, Корея мемлекеттерінің қатысушылары мен сарапшылары, республикалық «WorldSkills Kazakhstan -2023» чемпионатың жеңімпазы, «WorldSkills Kazakhstan - 2024» өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері, жоғары оқу орнының студенттері қатысты.
Чемпионат нәтижесінде:
«Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша 7 команданың ішінен оза шауып, колледжіміздің студенті Даурен Қаражанов «Алтын» медаль иегері атанып Дипломмен марапатталды және Еуразия Технологиялық Университетінің грантына ие болды.
«Электроника» құзыреттілігі бойынша 12 команда, халықаралық Қытай қатысушылары ішінде Д.Абилов «Үздік маман» медальон иегері атанып Дипломмен марапатталды.
«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша 8 команда, ішінде Д.Абатов және Қ.Атшыбаев «Үздік маман» медальондарының иегерлері атанып Дипломдармен марапатталды.
«Studica Robotics» компаниясының директоры Francesco Nanfara, Қытай, Австрия, Корея сарапшылары колледж студенттерімізді мемлекеттерінде өткізілетін чемпионаттарына қатысуға шақырып, сарапшыларымызға тәжірибе алмасуды ұсынды.
«WorldSkills Kazakhstan» қозғалысының Ұлттық операторы «Talap» КЕАҚ, Worldskills қозғалысын дамыту департаментінің бас менеджері Б. Бектибаев барлық жеңімпаздарды құттықтап, белестерді бағындыруға тілек білдірді. «DOSTI» инновациялық орталығының директоры Д.Н. Калаев келесі халықаралық деңгейде өткізілетін салалық чемпионаттың эстафетасын Маңғыстау облысы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің басшысы З. Шолтановаға жолдады.
Барлық жеңімпаздарымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!!!
6 маусым 2024

DOSTI SKILLS Almatu -2024
СҮЙІНШІ!!! Бүгін 06 маусым күні Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық...
5 маусым 2024

DOSTI SKILLS Almatu -2024
Бүгін 5ші маусым Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің...
4 маусым 2024

DOSTI SKILLS Almatu -2024
Бүгін 4ші маусым Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің...
4 маусым 2024

Төтенше жағдайда қорғау
Алматы облысы Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімі командирі гвардия полковнигі Б.Аманкалиев колледж басшысы З.Е.Шолтановаға және алғашқы әскери және...
4 маусым 2024

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен...
3 маусым 2024

DOSTI SKILLS Almatu -2024
Бүгін 2ші маусым Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің...
3 маусым 2024

Облыстық мамандандырылған балалар үйіне
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай колледж қызметкерлері “Облыстық мамандандырылған балалар үйіне” және ерекше күтімді қажет ететін балаларды мерекемен...
3 маусым 2024

DOSTI SKILLS Almatu -2024
Бүгін 2ші маусым Алматы қаласында «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» құзыреттіліктері бойынша Еуразия Технологиялық Университетінің...
1 маусым 2024

DOSTI SKILLS Almaty 2024
1.06.24 ж Алматы қаласында Еуразия Технологиялық Университеті базасында "DOSTI SKILLS Almaty 2024" салалық достық чемпионатында "Мобильді робототехника" құзыреттіліктері...
1 маусым 2024

Сардар
2024 жылдың 31 мамырында Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде бес күндік далалық оқу-жаттығу жиынының жоспарына сәйкес, іс-шаралар өткізілді. Колледж...
1 маусым 2024

Халықаралық балаларды қорғау күніне
Ағымдағы жылдың 01 маусым күні Ақтау қаласы облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында "Халықаралық балаларды қорғау күніне" арналған іс-шарасы өтті. Шараға...
1 маусым 2024

Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 31 мамыр күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...

























__6fe97f3e7995b93253965d9f0e06d753.png)


















