kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

NCCER

Халықаралық тәжірибенің 4-күні

NCCER стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған халықаралық тәжірибенің төртінші күні APEC Training Center базасында жоғары деңгейде жалғасын тапты. Бұл күні білім алушылар үшін практика мен теория қатар жүргізіліп, сабақтар толықтай ағылшын тілінде өтті.

Қатысушылар теориялық бөлімде дәнекерлеу ісіне қатысты халықаралық терминологияны меңгеріп, қауіпсіздік ережелері мен технологиялық процестерді ағылшын тілінде талқылады. Ал практикалық бөлімде сол алған білімдерін қолданып, әртүрлі дәнекерлеу жұмыстарын орындады. Бұл тәсіл білім алушылардың тек кәсіби емес, сонымен қатар тілдік дағдыларын да дамытуға үлкен мүмкіндік беруде.

Арнайы пән оқытушысы Қ. Нұрқожа мен орталық мамандары әр білім алушыға бағыт-бағдар беріп, олардың жұмыс сапасын бақылап, тәжірибелік кеңестер ұсынды. Ағылшын тілінде өткен сабақтар білім алушылардың халықаралық ортада еркін жұмыс істеуіне негіз қалап отыр.

Төртінші күннің нәтижесінде қатысушылардың кәсіби біліктілігімен қатар, ағылшын тілінде техникалық терминдерді қолдану деңгейі де айтарлықтай артты.