kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Enbek.kz

Хабарландыру

Маңғыстау облысының әкімдігі маңғыстау облысының білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оқу әдістемелік бірлестік орталығы төрағасының орынбасары қызметіне конкурс жариялайды:

​Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің « Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан бостау қағидаларын бекіту» туралы 2025 жылғы 31 наурыздағы 96 бірлескен бұйрығы негізінде «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» МКҚК 2025-2026 оқу жылына бос жұмыс орындары туралы Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде, «Enbek.kz» жарияланған хабарландырулар негізінде, «Оқу әдістемелік бірлестік орталығы төрағасының орынбасары» лауазымына жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялайды.

1. «Оқу әдістемелік бірлестік орталығы төрағасының орынбасары»– 1,0 штаттық бірлік

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы немесе педагог - шебер

Лауазымдық міндеттері:

Жетекшілік ететін қызмет бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысқа тікелей басшылықты жүзеге асырады;

• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электрондық оқулықтарды әзірлеуге қатысуды қамтамасыз етеді;

• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады;

• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыс қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады;

• білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобаларға, мамандықтар бойынша кәсіби шеберлікке конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін жинақтайды;

• білім беру ұйымдары оқытушыларының республикадағы және шет елдердегі ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді;

• шеберханаларда санитариялық-гигиеналық тәртіп ережелерін сақтау, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

• қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;

• білім алушылар, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекс, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;

• білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;

• педагогикалық этиканың нормалары;

• мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

• басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

Ескерту: Жоғарғы оқу орындарының түлектері ,техникалық оқу орындарының түлектері немесе педагогикалық еңбек өтілі жоқ педагогтарға ұлттық біліктілік тесттен өткен

( педагог-анықтамасының оң нәтежесініің болуы) және еңбек өтілі бар педагогтарға қолданыстағы біліктілік санаты болуы қажет етіледі.(болмаған жағдайда педагог-анықтамасының оң нәтежесін ұсынады).

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.

Кодекске сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.

Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.

Кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес Бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептейді.

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидат жинаған балдар негізінде қабылдайды. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстын жеңімпазы болып есептеледі, оған шешім қабылдау үшін 24 (жиырма төрт) сағат беріледі. Егер конкурс жеңімпазы шешім қабылдамаса немесе бас тартса, тағайындау бағалау бойынша ең жоғары балға ие конкурстың келесі қатысушысына ұсынылады. Конкурс жеңімпазы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны конкурстық комиссияның хатшысы кандидатқа электрондық поштаға жібереді және өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарлайды

Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 3Б-ш/а, 11 ғимарат,

тел: 8 701 209-83-17. ПОЧТА bisenbiyevad@mail.ru 





23 наурыз 2026

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Құрметті әріптестер, студенттер және қадірлі қауым! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың,...

21 наурыз 2026

Амал келді – жыл келді!

Амал келді – жыл келді! Көрісу күні – халқымыздың бірлік пен бауырмалдықты дәріптейтін ерекше күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін...

21 наурыз 2026

Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз

Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара барысында халқымыздың бай мұрасы – ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, көрініс...

20 наурыз 2026

19 наурыз 2026

Бауырсақ Party

17 наурыз күні “Бауырсақ Party” мерекелік шарасы өтті. Шара барысында қатысушылар ұлттық дәстүрлермен танысып, дәмді бауырсақтардан ауыз тиіп, көңілді ойындар мен...

18 наурыз 2026

Наурыз айының мереке күндері

...

18 наурыз 2026

Ұлттық киім —қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі

“Ұлттық киім —қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі” . Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды...

18 наурыз 2026

Ақтауда ЖИ жылы аясында жасанды интеллектті дамыту мәселелері талқыланды

Ақтауда ЖИ жылы аясында жасанды интеллектті дамыту мәселелері талқыланды Ақтау қаласында Мемлекет басшысы жариялаған Жасанды интеллект және цифрландыру жылы...

18 наурыз 2026

Enbek.kz

Хабарландыру Маңғыстау облысының әкімдігі маңғыстау облысының білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық...

18 наурыз 2026

Enbek.kz

Хабарландыру Маңғыстау облысының әкімдігі маңғыстау облысының білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық...

17 наурыз 2026

16 наурыз 2026


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2026. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).