kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Dosti Skills Aktau2025

Ақтауда «Dosti Skills» халықаралық салалық чемпионаты жалғауда…

Бүгін Ақтау қаласы Халық аренада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп жатқан «Dosti Skills Aktau2025» халықаралық салалық достық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты ашылу шарасына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Санжар Татибеков, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облыстық маслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, ақпараттық технология саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік серіктес мекемелерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ шараға әрдайым қоғамның ең белсенді алаңында жүретін, жаңалықты халыққа жеткізуші, заманмен бірге ілесіп қана қоймай, оған тренд берген блогерлер Әлқуат Насұхаұлы және Алтай Мекейбаевта арнайы шақыртылды.

-Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен WorldSkills, Euroskills, Asiaskills чемпионаттарының қатысушылары, ІХ республикалық «WorldSkillsKazakhstan 2024« чемпионатының жүлдегерлері және өңірлік «WorldSkills Kazakhstan 2025» чемпионатының жеңімпаздарынан сарапшылар мен 30-дан астам студент, шет мемлекеттерден Австриядан – 1 халықаралық сарапшы, Ресейден – 2 компатриот-сарапшы мен 2 қатысушы, Араб Әмірлігінен – 2 сарапшы мен 4 қатысушы, Қытайдан – 1 халықаралық сарапшы, 2 компатриот-сарапшы және 2 студент, барлығы 100-ге жуық адам қатысуда.

Ертеңгі бастау алатын чемпионаттың

барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз.

Бізбен бірге болыңыздар…