kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

DOSTI Skills Aktau 2025

Чемпионат қатысушылары үшін демалыс туры ұйымдастырылды

31 мамыр күні «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатының қатысушылары үшін демалыс туры ұйымдастырылды.

Шетелдік қонақтар мен республикамыздың өзге өңірлерінен келген студенттер және сарапшылар “Отпан тау” тарихи-мәдени кешенінде болды.

Кешендегі музейді аралап, Отпан тау, өңірдің тарихи тұлғалары, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы кеңінен мағлұмат алды.

Батыс қаратауының ең биік шоқысы саналатын Отпан тауының басына шығып, Маңғыстаудың әсем табиғатын тамашалады. Ондағы тарихи-мәдени ескерткіштердің таризымен танысты.

“Қарашаңырақта” орналасқан киіз үйде шұбат пен бауырсақтан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді.

Шетелдік қонақтар жергілікті тұрғындардың қонақжайлығы мен дархан көңілі үшін риза екендіктерін жеткізді.