kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

DOSTI Skills Aktau 2025

Маңғыстауда «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионаты жалғасуда.....

Бүгін өңірімізде халықаралық чемпионаттың екінші күні сәтті өтті!

Шет мемлекеттерден, соның ішінде Сауд Арабиясы мемлекетінен келген сарапшылар мен қатысушыларды Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы А.Кумбаев және басқарма өкілдері, колледж ұжымы қарсы алды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы А.Кумбаев чемпионатқа келген шет елдік сарапшылар мен қатысушыларға киелі Маңғыстауға қош келдіңіздер айтып, ыстық лебізін білдірді.

Сауд Арабиясы мемлекетінен келген чемпионат қатысушылары мен сарапшылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи жабдықтармен қамтылғанын, оқу үдерісі үшін барлық жағдай жасалғанын ерекше атап өтті. Бұл – колледждің кәсіби маман даярлаудағы әлеуетінің жоғары екенін көрсететін айтты. Сондай-ақ, мамандықтар бойынша қызығушылық танытып, алдағы уақытта келісім шарттар негізінде бірлесіп жұмыс жасау туралы пікірлерін білдірді.

Шет ел қонақтары «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатына қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы А.Кумбаевтың қолын алып, алғыстарын білдірді.