Әдістеме: шеберлік, кәсібилік, біліктілік
Тәжірибе алмасу семинары өтті
2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Әдістеме: шеберлік, кәсібилік, біліктілік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Білім беру ұйымындағы тәжірибелі оқытушылардың практикалық жұмысының үздік нәтижелерімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында өткен шараға 52 адам қатысты.
Аталмыш шара екі бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде колледждің тәжірибелі педагогтері төмендегі тақырыптарда:
Тугерова Галия Бердибаевна «Педагогикалық шеберлік: Тәжірибе, сапа, нәтиже»;
Құсайынова Ляззат Қожағұлқызы мен Абишева Маржан Сыдиыковна «Колледждегі жас педагогтер мен студенттерге арналған анықтамалық нұсқаулығын енгізу тәжірибесі»;
Юбасарова Гулзира Конысбаевна «Қолданбалы бакалавр мамандығына оқу жұмыс жоспарын әзірлеу» баяндама жасап, шебер сыныптар көрсетті.
Ал практикалық бөлімде:
Қазақ Хасан Сардарұлы «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы»;
Джумагазиева Шара Каниевна «Қолданбалы бакалавр» біліктілігіне «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша функционалдық карта әзірлеу»;
Казиева Майра Алибаевна, «Ақылды үй құрылғысын басқару»;
Жанұзақов Еламан Нұрланұлы «Startup – білімге бірінші қадам»;
Лукпанова Салтанат Аскатовна «Автокөліктің ілініс корзинасын шашып, бөлшектеуге арналған механикалық құрал (іскенже)» тақырыптарында воркшоп, шебер сыныптар көрсетілді.
Семинар-пркатикумға әр колледжден қатысқан әдіскерлер мен арнайы пән оқытушылары әр шараның маңыздылығын, өзектілігін, оқытушылардың кәсібилігі мен шеберлігін жоғары бағалап, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін алғаны үшін өз алғыстарын білдірді.
15 сәуір 2024
Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 15 сәуір күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
15 сәуір 2024
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан...
13 сәуір 2024
Әдістеме: шеберлік, кәсібилік, біліктілік
Тәжірибе алмасу семинары өтті 2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Әдістеме: шеберлік, кәсібилік,...
13 сәуір 2024
Креативті маман- болашақ көшбасшы!
Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер және студенттер! Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастырумен өткелі жатырған "Креативті маман- болашақ көшбасшы! атты "Машина...
13 сәуір 2024
Таза Қазақстан
Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында колледж және жатақхана қызметкерлері колледж аумағына және №5 жатақхана аумағына тазалық...
13 сәуір 2024
Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Ақтау қаласы Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық...
12 сәуір 2024
Жаңа Қазақстан: Білім. Тәрбие. Отбасылық құндылықтар
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында пікірсайыс турнирі өтті «2024жылдың 11 сәуір күні Халел Өзбекғалиев...
12 сәуір 2024
Таза Қазақстан
“Таза Қазақстан” акциясы аясында колледж студенттері колледж және №5 жатақхана аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді, ағаш түптері өңделді. ...
12 сәуір 2024
Білім, ғылым, өндіріс: табыс кілті
“Білім, ғылым, өндіріс: табыс кілті” апталығы аясында ұйымдастырылған “Көлік, химиялық технологиялар және төтенше жағдайларды қорғау” бірлестігінің “ Кім...
12 сәуір 2024
Есірткі, психотропты заттардың алдын алу және темекінің зияны туралы
Ақтау қаласы ПБ ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Думан Сапарғалиұлы Қолғанатов және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы медициналық мекемесінің...
10 сәуір 2024
Көлік, химиялық технологиялар және төтенше жағдайларды қорғау
Әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес “Көлік, химиялық технологиялар және төтенше жағдайларды қорғау” бірлестігінің ұйымдастыруымен “Білім, ғылым, өндіріс:...
9 сәуір 2024
ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРУ
«ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАСТЫРУ» Білім беру үрдісін практикамен байланыстыра отырып, жоғары білікті мамандар даярлау бүгінгі күннің талабы. Жалпы болашақ...