Аккредиттеу
Аккредиттеу
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
Институционалдық аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген. Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші кезең (алдын- ала жасалған қадамдар)
- Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігіне колледждің өтініш беруі ;
- Білім беру сапасын қамтамасыздандыру қазақстандық тәуелсіз агенттігімен колледж арасында келісімшарттың жасалуы;
- Колледжге агент өкілінің алдын-ала келу сапары;
- Өзін-өзі бағалау бойынша есеп дайындау жөнінде әкімшілік, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бөлімше меңгерушілері үшін оқыту семинарларының өткізілуі;
- өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және оны сараптау;
- агенттікке өзін-өзі бағалау есебінің қорытынды нұсқасын ұсыну.
Екінші кезең (сыртқы бағалау – колледжге келуімен аудит)
- колледжде сыртқы аудитті өткізу
- сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы агенттік бекіткен сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі;
- колледжде сыртқы аудит 3 күн жүргізіледі;
- сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау туралы есеп пен ұсыныстар дайындап, агенттікке тапсырады;
Үшінші кезең (Аккредитациялық кеңеспен колледжді аккредитациялау туралы мәселе қарау).
- Агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен және сыртқы аудит есебімен танысқаннан кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды дайындайды;
Маңғыстау политехникалық колледжі 2019 жылдың желтоқсан айында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінде (БСҚТҚА) Мемлекеттік институционалдық аккредиттеуден табысты өтті. Аккредитациялық Кеңестің 30.12.2019ж. шешімімен колледж 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттелген мәртебесін білдіретін IA-B №133 куәлікке ие болды. Куәліктің мерзімі 30.12.2019-27.12.2024 жж.
- Инстутционалдық аккредиттеу туралы куәлік (PDF, 1.45 Mb)
- Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәлік (PDF, 1.64 Mb)