kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Оқу үрдісінде жүргізілген іс-шаралары

«ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.

Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.

Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.

Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.

Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.

Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:  

https://www.youtube.com/watch?v=9-2UHkyi-gI&feature=youtu.be 





17 мамыр 2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 16 мамыр күні «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Арайлым Шамшадинова және «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сарапшысы Нұрбол Оқуов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту»...

2 желтоқсан 2022

Таза сессия

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Таза сессия» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы насихаттау, жемқорлыққа қарсы іс- қимыл шараларын жетілдіру, студенттер арасында заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті...

22 қараша 2022

Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» кешенді жоспарына сәйкес, ЕТ-19-01с тобында топ жетекшісі Абилшеева Айнагүл «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында топ сағатын өтті. Топ сағатының мақсаты өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын...

22 қараша 2022

Біз жемқорлыққа қарсымыз!

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» кешенді жоспарына сәйкес, ЭМжТ-22-01с тобында топ жетекшісі Қазақ Хасан «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында топ сағатын өтті. Топ сағатының мақсаты – “Сыбайлас-жемқорлық” ұғымын түсіндіру,...

30 қараша 2021

Cыбайлас жемқорлық

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жолын кесу мақсатында студенттер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.  ...

30 қараша 2021

Барым да, бақытым да осы өлеңім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Қ.Аманжоловтың 110 жыл толуына орай «Барым да, бақытым да осы өлеңім» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері байқауының қорытындысы бойынша «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және...

25 қараша 2021

Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі «Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында» 12.11-22.11.2021ж. аралығында бейнероликтер конкурсы өткізілді. Бейнеролик ұсынған ЕТ-19-01с тобының студенті Құралбай Назерке, топ жетекшісі...

25 қараша 2021

Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі «Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында» 12.11-22.11.2021ж. аралығында бейнероликтер конкурсы өткізілді. Бейнеролик ұсынған ПІж-20-02с тобы, топ жетекшісі Сатаева Н.  ...

25 қараша 2021

Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі «Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында» 12.11-22.11.2021ж. аралығында бейнероликтер конкурсы өткізілді. Бейнеролик ұсынған ПІж-20-02с тобы, топ жетекшісі Сатаева Н.  ...

25 қараша 2021

Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі «Колледж студенттері арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында» «Парасат» дебат клубы студенттері «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында дебат турнирі өтті....

11 қараша 2021

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің педогог-психологтары К.Хожаметова., Ж.Қойшығұл «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сауалнама жүргізді. Бұл сауалнаманы алу мақсаты студенттердің заңды мүдделері мен еркіндіктерін құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз...

11 қараша 2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде жастар арасында құқық бұзушылық, кәсіпкерлік, мәдениет және өнер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша еркін форматта кездесу өтті.   ...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).