kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Күндізгі оқу

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ

1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі білім алушыларды қорытынды аттестаттау Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білімі бар кадрларды даярлау бағыттары үшін білім беру бағдарламаларының бекітілген оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру бағдарламаларының білім алушыларын қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.

3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру бағдарламасы бойынша және оқытудың барлық түрлері үшін дайындық бағыттары бойынша Аттестаттау комиссиясы (АК) құрылады.

4. Бітіруші курстың білім алушылары қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей колледж бойынша бұйрықпен қорытынды аттестаттауға рұқсат алады. Білім алушылардың тізімдік құрамымен рұқсат беру туралы бұйрықтар аттестаттау комиссияларына ұсынылады

5. Оқу процесін, жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес аяқтаған және дипломдық жетекшінің қорғауына рұқсат алған білім алушылар қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

6. Бітіруші курстың білім алушысы жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу жоспарларының талаптарын орындамаған жағдайда, жазғы семестрсіз екінші оқу курсына қалдырылады.

7. Аттестаттау комиссияларының жұмыс кестесін колледж басшысы бекітеді және қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей жалпы мәлімет үшін жеткізіледі

8. Дипломдық жұмысты/жобаны қорғау Аттестациялық комиссияның ашық отырысында жүргізіледі.

9. Білім алушы дипломдық жетекшінің дұрыс пікірі болған жағдайда бітіруші жұмысты (дипломдық жұмыс/жоба) қорғайды. Егер диплом жетекші "қорғауға жіберілмейді" деген теріс қорытынды берген жағдайда, білім алушы бітіру жұмысын қорғамайды және қорытынды аттестаттауға жіберілмеген ретінде колледжден шығарылуға жатады.

10. Кешенді емтихандарды тапсыру және бітіру жұмысын қорғау нәтижелері сол өткізілген күні жарияланады. Қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, мемлекеттік үлгідегі (үздік емес,үздік) диплом беру туралы шешімдерді аттестаттау комиссиясы жабық отырыста Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.

11. Бағаны көтермелеу мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе бітіру жұмысын қайта қорғауға жол берілмейді.

12. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушыларға кешенді емтиханды қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. «Қанағаттанарлықсыз» баға алғаннан кейін аттестаттау комиссиясына ұсынылған денсаулық жағдайы туралы құжаттар қаралмайды.

13. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ бітіру жұмыстарын қайта қорғауға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат етілмейді.

14. Қорытынды аттестаттау бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы колледжден басшының бұйрығымен "Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған" және "дипломдық жұмысты/жобаны қорғамаған" немесе "кешенді емтихан тапсырмаған"негізде колледжден шығарылады.

15. Қорытынды аттестаттаудан қайта өту үшін колледжден шығарылған білім алушы келесі оқу жылының қорытынды аттестациясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі басшысының атына қатысуға рұқсат беру туралы өтініш жазады.

16. Қорытынды аттестаттаудан өткен және Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламасын игергенін растаған білім алушыға аттестаттау комиссиясының шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік беріледі және бітіргені туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес күн ішінде қосымшасымен қоса тегін негізде диплом беріледі.

 17. Дипломға қосымшада (транскриптте) барлық оқу пәндері, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар),кәсіби практикалардың түрлері, қорытынды аттестаттау бойынша бағалаудың сандық жүйесі бойынша соңғы бағалары мен сағаттары көрсетіледі.

18. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша А, А- "өте жақсы", В-, В, В+, С+ "жақсы" деген бағаға емтихан тапсырған және үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5 - тен төмен емес, сондай-ақ Кешенді емтихан тапсырған немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға қорғаған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағаларды есепке алмағанда) беріледі.

19. Диплом немесе дипломға қосымшасы жоғалған жағдайда, түлек білім туралы құжаттың телнұсқасын алу үшін Мемлекеттік қызмет көрсету орталығына немесе e-gov порталы арқылы тиісті өтінішпен жүгінеді





27 қазан 2022

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ

Бақылаудың барлық түрлеріндегі білім алушылардың білім жетістіктері тікелей пропорционалды қатынасқа ие балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің бағалауымен анықталады (1-кесте).  1-кесте. Дәстүрлі бағалау шкаласына ауыса отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік...

30 наурыз 2021

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ТРАНСПАРЕНТТІЛІГІ

1.Колледжде білім беру үдерісін ұйымдастыру ашық, объективті және этикалық норма принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Колледждің оқытушылар құрамы: оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге; оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз...

26 наурыз 2021

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ

1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі білім алушыларды қорытынды аттестаттау Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білімі бар кадрларды даярлау бағыттары үшін білім беру бағдарламаларының бекітілген оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі. 2....

26 наурыз 2021

МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

1. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын,...

26 наурыз 2021

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ КОЛЕДЖДЕН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ

 Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің білім алушысы колледжден шығарылуы мүмкін: академиялық үлгермеушілік үшін;  себепсіз бір семестрде 36 және одан көп сағат оқу сабақтарын өткізу үшін; ішкі тәртіп Ережелерін, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).