Адалдық сағатында: Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев
Адалдық сағатында: Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаевқа арналған кезекті «Адалдық сағаты» өткізілді.
Қазақ халқының ардақты ұлы, заңғар жазушы, аңыз адам Әбіш Кекілбаев ұлттың руханиятында өшпес із қалдырған ерекше тұлға. Бала кезінен әдебиет пен өнерге ұмтылған Әбіш сөз зергерлігімен қоғамның рухани өмірі байытты. Тектінің ұрпағы әрқашан парасат пен абыройдың биігінде болды.
Жастайынан өз заманының шындығын сыни мақалалар мен очерктерде бейнелеген Әбіш әлемі – философиялық толғамдарға толы. Ол әр кейіпкерінің бейнесін асқан шеберлікпен суреттеді. Кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен өмірі арқылы адам бойындағы сезімді қара сөз құдіретімен жеткізді.
Шығармашылығы арқылы ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің, ұлтты аялау мен ұлтты асқақтатудың үлгі-өнегесін танытты. Азамат ретінде замандастары мен қаламдастарына, достары мен оқырмандарына адалдық өлшемін көрсетті.
Саналы ғұмырын елі мен жеріне арнаған Әбіш жаңа мемлекет тұсында маңызды қызметтерді абыроймен атқарды. Оның ұлт мүддесі үшін еткен еңбегі мен жанашырлығы жазушыны парасат биігіне жеткізді.
Әбіштің ұлттық құндылықтар мен мүддені алға қойып, қайсар рухты, өр мінезді дәріптейтін тарихи шығармалары мен көркем әдебиеті ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде зор маңызға ие.
Осы бейне-дәріс арқылы көрген Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен азаматтық ұстанымдары, еңбексүйгіштігі, елі үшін атқарған қызметі жастарды адал, әділ, отансүйгіш әрі ұлтжанды болуға үндейді деп сенеміз.
14 наурыз 2024
Ұлттық спорттық лига
“Ұлттық спорттық лига” жобасы аясында “ Тоғызқұмалақ” ойынынан сайыс өтті. Сайысты ұйымдастырушы дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А. Косжанов және Х. Қазақ. Мақсаты: ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету, логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой...
19 ақпан 2024
WorldSkills - 2024
2024 жылдың ақпан айының 26-29 күндері аралығында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде өтетін «WorldSkills - 2024» колледжішілік чемпионатына «Автокөлікті бояу» құзыреттілігі бойынша білім алушылардың дайындық жұмыстарын жүргізу барысынан. Қатысушыларға сәттілік...
19 ақпан 2024
Жаратылыстану - әлемді бейнелеген нақты ғылым
Әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жаратылыстану - әлемді бейнелеген нақты ғылым”атты онкүндік өз мәресіне жетті. ...
19 ақпан 2024
Парасат
“Парасат” дебат клубы мүшелері “БАҚ пайдасы мен зияны” тақырыбында пікірсайыс өткізді. Клуб жетекшісі Жанұзақов Е.Н. ...
19 ақпан 2024
Жаратылыстану - әлемді бейнелеген нақты ғылым
Әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен “ Жаратылыстану - әлемді бейнелеген нақты ғылым” атты онкүндік аясында 15.02.2024 күні информатика пәнінің оқытушысы Караева Сандугаш Каримовна АТЖ-23-01с тобына "Қазақстандағы цифрландыру" атты ашық сабағын...
19 ақпан 2024
ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясат
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы, дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының дінтанушы Газимов Нұрлан, исламтанушы Әбдірханов Өмірбек “ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясат” тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. ...
16 ақпан 2024
IQ Doda
Әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жаратылыстану - әлемді бейнелеген нақты ғылым”атты онкүндік аясында І курс студенттері арасында “IQ Doda” интеллектуалдық сайысы өтті. ...
16 ақпан 2024
WorldSkills - 2024
2024 жылдың ақпан айының 26-29 күндері аралығында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде өтетін «WorldSkills - 2024» колледжішілік чемпионатына «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша білім алушылардың дайындық жұмыстарын жүргізу барысынан. Бас сарапшысы:...
16 ақпан 2024
WorldSkills -2024
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың ақпан айының 26-29 күндері аралығында өтетін «WorldSkills -2024» колледжішілік чемпионатқа «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысушы білім алушылар дайындық жұмыстарын...
15 ақпан 2024
WorldSkills - 2024
Ағымдағы жылдың ақпан айының 26-29 күндері аралығында өтетін «WorldSkills - 2024» колледжішілік чемпионатына «Киберқауіпсіздік» құзыреттілігі бойынша білім алушылардың дайындық жұмыстарын жүргізу барысынан. Бас сарапшысы: Бекова Куралай Буркитбаевна. ...
15 ақпан 2024
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенттерінің «Автокөліктің техникалық жағдайының өзгеру себептерін сипаттау» модулі бойынша өндірістік тәжірибеден өту сәті. Тәжірибені ...
14 ақпан 2024
“Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай
2024 жылы 14 ақпан күні алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының ұйымдастыруымен “Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай” іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ардагерлер запастағы аға лейтенант Нурумбетов Батырбек Бушаевич және...