Махаббат, қызық мол жылдар
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер ” атты виртуалды кітап көрмесі өтті.
Мақсаты - баспа кітаптарын оқуды және мультимедиялық өнімдерді пайдалануды ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу.
Виртуалды көрмеде бірнеше кітаптарға шолу жасалды. Атап айтқанда: «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М. Әуезовтың «Абай жолы» туындысы қазақ классикасының негізі болып саналады. Осы роман-эпопея желісінде 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қарсаңында ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған «Абай» атты фильмі жарыққа шықты.
Балаларға арналған көркем туынды балалар сүйіп көретін жазушы Б.Соқпақбаевтың повесі бойынша таспаланған «Менің атым Қожа» фильмі. Фильмде 12 жастағы Қожа есімді қазақ баласының өмірі суреттеледі.
Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілген фильм. 20 бөлімді туынды ешқашан қартаймайтын, ешқашан өзектілігін жоймайтын мәңгілік махаббат тақырыбына арналады.
2005 жылы белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп «Көшпенділер» фильмін түсірді.
«Көксерек»Кинокартина - кішкентай ұл бала мен қасқырдың бөлтірігі арасындағы достығы жайындағы хикая. Бала мен қасқыр бірге тұрып, бірге ойнайды. Қасқыр мен адам – біріне-бірі дұшпан екендігіне қарамастан, бала жүрегі ересек өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін қабылдағысы келмейді. Адамдар есейіп қалған аңды өлтірмек болғанда, бала досын еркіндікке қоя береді. Бірер жылдан соң олар қайта қауышады. Бұл көркем туынды Мұхтар Әуезовтың аттас «Көксерек» шығармасы негізінде 1973 жылы түсірілген.
Виртуалды көрме бойынша шолу өткізіліп, қысқаша мәліметтер берілді.
31 қаңтар 2024
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының АТЖ-22-01с тобының студенттеріне «ВАЗ 2101 двигателінің генераторлық ременін...
30 қаңтар 2024
Буккроссинг
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
30 қаңтар 2024
Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
29 қаңтар 2024
Саналы ұрпақ
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі “Саналы ұрпақ“ клубы сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екендігін және адалдық қағидаттарын...
29 қаңтар 2024
Worldskills - 2024
Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар, студент жастар!!!! 1. Сіздерді 2024 жылдың 26 ақпанында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж ...
27 қаңтар 2024
Колледж студенттері, ата-аналар назарына! Балаларымызға сақ болайық! ...
26 қаңтар 2024
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің “Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының АЖ-22-01с тобының білім алушылары қаңтар...
26 қаңтар 2024
Үздік педагог тәжірибесі
Бүгін, 26 қаңтар күні колледж әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен "Үздік педагог тәжірибесі" тақырыбында семинар өтті. Басшының бірінші санатты орынбасары,...
26 қаңтар 2024
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль
2024жылдың 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж базасында білім берудің, оқу- әдістемелік орталығының...
26 қаңтар 2024
Бағдарламалық қамтамасыз ету
“Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының 2-курс ИС- 22-01 тобының студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізу сәті. Тәжірибені арнайы пән оқытушысы Казиев Алкуат...
25 қаңтар 2024
Махаббат, қызық мол жылдар
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
25 қаңтар 2024
2024 жылдың 25 қаңтарында колледж әдістемелік бөлімі жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларына, педагогтер арасында гуманитарлық (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын...