kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

«Бикада» және «Жаңа домофон»

19 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледждің бітіруші топ студенттері «Бикада» және «Жаңа домофон» ЖШС жұмыс берушілермен кездесуі өтті.

Бұл күні жұмыс берушілер түлектер үшін мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

Кездесуде колледж студенттерінің жұмысқа орналасу және тәжірибеден өту мүмкіндіктері талқыланды. Кәсіпорын өкілдері өз қызметкерлері үшін жасалатын жағдайлар туралы, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы толық көлемде айтуға тырысты.

Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі көптеген білім беру мекемелері, соның ішінде біздің колледж үшін өте өзекті болып табылады. Жас мамандарды жұмысқа орналастыруды қиындататын факторлардың бірі олардың еңбек нарығына шығуға дайын еместігі болып табылады. Колледж ұжымы әлеуметтік жауапты серіктестік қағидаларын ұстанады, белсенді және жемісті жұмыс үшін барлық жағдай жасайды. Сондықтан колледжде түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және олардың жұмыс ортасына бейімделуі бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жұмыс берушілермен, біздің әлеуметтік серіктестерімізбен ынтымақтастық осы күрделі міндетті шешуге көмектеседі. Ол жұмыс берушілер өкілдерінің мемлекеттік аттестаттау комиссияларының жұмысына, студенттерді практикалық оқытуға қатысуы арқылы іске асырылады. Колледж білім алушыларының өндірістік практикасы біздің әлеуметтік серіктестеріміздің кәсіпорындарында ұйымдастырылған.

Кезекті кездесу барысында түлектер кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат алды, өздерін қызықтырған тақырыптарға сұрақтар қойып, жауаптар алды. Алдағы уақытта сауалнама мен тапсырмалары нәтижелері бойынша көптеген студенттер одан әрі жұмысқа орналасуы орнын таба алды.

Біздің түлектер өз білімдеріне лайықты қолданыс табады деп үміттенеміз! 





29 қаңтар 2024

Саналы ұрпақ

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі “Саналы ұрпақ“ клубы сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екендігін және адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ұсынады  ...

29 қаңтар 2024

Worldskills - 2024

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар, студент жастар!!!! 1. Сіздерді 2024 жылдың 26 ақпанында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж базасында өтетін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Worldskills - 2024» колледжішілік кәсіби...

27 қаңтар 2024

Колледж студенттері, ата-аналар назарына! Балаларымызға сақ болайық!  ...

26 қаңтар 2024

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің “Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының АЖ-22-01с тобының білім алушылары қаңтар айының 22-26 күндері аралығында IT орталығында тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында Adobe Illustrator бағдарламасын жүктеу,...

26 қаңтар 2024

Үздік педагог тәжірибесі

Бүгін, 26 қаңтар күні колледж әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен "Үздік педагог тәжірибесі" тақырыбында семинар өтті. Басшының бірінші санатты орынбасары, педагог-шебер Тугерова Галия Бердибаевна "Үздік педагог" талаптарымен, әдістемелік ұсынымдарымен таныстырды. "Үздік педагог-2023"...

26 қаңтар 2024

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль

2024жылдың 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж базасында білім берудің, оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық,...

26 қаңтар 2024

Бағдарламалық қамтамасыз ету

“Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының 2-курс ИС- 22-01 тобының студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізу сәті. Тәжірибені арнайы пән оқытушысы Казиев Алкуат Карымсакович өткізуде.  ...

25 қаңтар 2024

Махаббат, қызық мол жылдар

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер ” атты виртуалды кітап көрмесі өтті. Мақсаты - баспа кітаптарын оқуды...

25 қаңтар 2024

2024 жылдың 25 қаңтарында колледж әдістемелік бөлімі жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларына, педагогтер арасында гуманитарлық (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих) және жаратылыстану (физика, математика, химия, биология, география, информатика) бағыттары бойынша колледжішілік олимпиада...

25 қаңтар 2024

Сабақтың бағалау критерийлері

Педагог болып, білім беру ұйымының табалдырығын аттаған жас маманға қашанда көмек қажет. Колледждің ішкі әлеміне енді ғана енген педагогтің ізденісі бұрынғыдан да арта түскені абзал. Әсіресе, тәжірибелі ұстаздан, әдіскерден үйрену, үйренгенді қолдана білу – жас маманның мықты құралы да болмақ....

25 қаңтар 2024

25.01.2024ж Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің акт залында колледжішілік 2 курс білім алушыларының ата- аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 2 курс білім алушыларының ата- аналары, топ жетекшілері, Ақтау қаласы ЖПБ бөлімшесінің бастығы орынбасары Нұрлан Алламбергенұлы...

25 қаңтар 2024

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль

Бүгін, 2024жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің, оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық,...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).