kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж жаңалықтары

Тәуелсіздік шежіресі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің оқу-әдістемелік бөлімнің іс-шара жоспарына сәйкес, 14.12.2021 ж. тарих пәні оқытушысы Жайлы Айғаным «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында студенттерге арналған конференция өтті.

Мақсаты: Студенттердің бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат болып қалыптастыру, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Конференцияда колледж студенттерінің үш тілде баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, Республикамыздың Батыс Қазақстан, Қызылорда облысынан және Нұр- сұлтан қаласынан әріптестеріміз қатысып, баяндама оқыды. Атап айтсақ, «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» тарих пәні оқытушысы Мұханбетқалиева Жұлдыз Махамбетовна, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы № 194 орта мектебінің тарих пәні оқытушысы Бекжан Айбаршын Көшенқызы, ҚР Тұңғыш Президент-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының аға ғылыми қызметкері, Phd докторант Абу Алпамыс Жалғасұлы.

Шара аяқталғаннан кейін, республикамыздағы қатысқан қонақтарымызға және үздік баяндама оқыған студенттерімізге колледж басшысы атынан Алғыс хат берілді.