kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тәрбие жұмыстары жоспарлары, есептері

2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жоспары

Х.Өзбекғалиев атындығы Маңғыстау политехникалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жоспары

 Негізі: «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының  3-тармағы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздерін  қабылдау туралы  бұйрығына сәйкес жүргізіледі:

-  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығына 1-қосымша)

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі №145 бұйрығына 2-қосымша)

Мақсаты:

  • Білім мазмұнын жаңарту жағдайында студенттерді тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау;
  • ҚР патриотын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маманды, жоғары рухани – адамгершілік қасиеттерге ие  қағидаттары мен құндылықтарына  сенімді азаматты қалыптастыру;
  • Студенттердің зияткерлік, рухани, физикалық және кәсіби жетілуі үшін қолайлы жағдайлар жасау. 

Міндеттері:

  • Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • Азаматтық сана мен патриоттық сезімді тәрбиелеу;
  • Әлеуметтік-жауапты тәртібін қалыптастыру;
  • Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;
  • Салауатты тұрмыс салтына баулу;
  • Қоғамға пайдалы қызмет ету мақсатында кәсіби деңгейін дамытуға ұмтылыстарын қалыптастыру.

 

Ұйымдастыру жұмысы

Мақсаты: 

  • Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу;
  • Студентке мақсатты іс-әрекет ету қабілеттерін дамытуға, тиімді және нәтижелі ойлауға, қоршаған ортада өзінің зияткерлік біліктерін көрсетуге көмек көрсету; 

Міндеттері: 

  • Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыру;
  • студенттердің ерік қасиеттерін, жауапкершілік, мақсаттылық, бірбеткейліктерін тәрбиелеу;
  • студенттердің зияткерлік қабілетін дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • ұжымдық қарым-қатынастарын, өзара көмек көрсету және « Ішкі тәртіп ережелерін» орындау қабілеттерін дамыту; 

Жұмыс жоспары

Уақыты

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1

Құжаттаманы рәсімдеу. Студенттердің жеке істерін зерделеу.

Топ бойынша құжаттарды (журналдарды, жоспарларды және т.б.)  рәсімдеу (онлаин жүйеде)

қыркүйек

Топ  жетекшілері

Студентке мағлұмат беру

2

Студенттердің қабілеттерін анықтау бойынша жұмыс жүргізу. (онлаин жүйеде)

қыркүйек

Топ жетекшілері

Студенттерді колледж ережелерімен таныстыру

(онлаин жүйеде)

3

1. Әр студенттің зияткерлік қабілеттерін зерделеу мен дамыту бойынша пән оқытушыларымен бірлесе жұмыс жүргізу.

2. Жалпы колледждік зияткерлік шараларға қатысуды ұйымдастыру (үйірмелер, орталықтар жұмыстарына қатысу).

қыркүйек

Топ жетекшілері

Студенттерге колледж туралы

4

1.Топтың қашықтықтан оқуына  бақылау жүргізу. Үлгерім және сабаққа қатысу қорытындылары бойынша топ жиналыстарын ұйымдастыру;

2.Қашықтықтан сабаққа қатысуларын, үлгерімдерін есепке алу және  рейтингтерін анықтау.

3.Оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуларын және сессияда емтиханға дайындықтарын ұйымдастыру

жыл бойы

Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары, топ жетекшілері

Сабақ сапасын бақылау

5

Кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні, виртуалды қабылдау комиссиясы

сәуір

Басшының тәрбие

жөніндегі орынбасары, оқытушылар

Қала, аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру

 І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

 Мақсаты:

  • Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін есепке ала отыра, қабілеттерін және іс-әрекетке дайындықтарын қалыптастыру, өзінің азаматтық тұғырын ұстануға дағдыландыру; 

Міндеттері: 

  • Халықаралық жағдай, экономика, Қазақстанның саясаты мен мәдениеті мәселелерінде бағыттала білу қабілеттерін қалыптастыру; алған білімдерін өз өмірінде пайдалана білуге дағды беру;
  • Отан тағдырына, оның кешегі, бүгінгі және болашағына қатысы бар екендігі сезімін дамыту;
  • Қоғамдық  және жеке мүдделерді біріктіру қабілетін қалыптастыру;
  • Құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына, заң талаптарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 

Жұмыс жоспары

Уақыты

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Саналы ұрпақ –Жарқын болашақ» атты білім күніне арналған онлаин жиналыс

қыркүйек

Басшының

тәрбие жөніндегі орынбасары, топ жетекшілері

2020-2021 оқу жылында қабылданған студенттерге колледжді онлаин тасныстыру

2

Жастар ісі жөніндегі ұйымның онлаин жиналысы (жаңа оқу жылына жастар құрамын сайлау)

қыркүйек

Жастар комитеті

Жастардың белсенділігін арттыру

3

Облыстық және қалалық қоғамдық іс-шараларға студенттердің қатысуы

жыл бойы

Жастар комитеті

Жастарды қоғамдық іс-шараларға тарту

4

«Жас талант-2020» сайысы  (I-курс студенттері арасында өнерлі жастарды онлаин сайыс  арқылы  тану)

қазан

Жастар комитеті

Студенттер арасынан таланты балаларды шыңдау

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

5

«Ақ маржан қалам – Ақтауым» қала күніне байланысты шаралар (онлаин түрде)

қыркүйек

топ жетекшілері

Студенттердің өз қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру

6

«Ақтауым- таза қала» сенбіліктер өткізу

Қалалық сенбіліктерге қатысу

жыл бойы

Жастар комитеті,

топ жетекшілері

Студенттерді  өз қаласын таза ұстауға тәрбиелеу

7

Ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік шара (онлаин форматта)

қазан

Жастар комитеті

Студенттерді әдептілікке, инабаттылыққа баулу

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

8

Колледж жатақханасының оқу жылына дайындығы

қазан

Жатақхана меңгерушілері

Жоспар жасақтау

9

Халықаралық студенттер күні «Студенттік қызық күндер-ай» мерекелік кеш (онлаин форматта)

қараша

Жастар комитеті

Сынақ кітапшасын тапсыру

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

10

«Алтын күз» I курс студенттері арасында топтық жарыс (онлаин форматта)

қараша

Жастар комитеті мүшелері, топ жетекшілері

Студенттердің  белсенділігін арттыру

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

11

«Артық білім - кітапта» тәрбие сағаты (Елбасы еңбектерімен таныстыру) (онлаин форматта)

қазан

Колледж кітапханашысы, топ жетекшілері

ҚР Тұңғыш Президентінің еңбектерін таныстыру, студенттердің бойында туған жерге деген қасиеттерін дамыту

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

12

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында ҚР Тәуелсіздігіне арналған шаралар   (онлаин форматта)

қараша

желтоқсан

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары, жастар комитеті, топ жетекшілері

Егеменді еліміздің тарихын оқыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

13

«Туған жер – алтын бесік» дөңгелек үстел (онлаин форматта)

қараша

Колледж кітапханашысы

Туған жер құндылықтарының  маңызын түсіндіру

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

14

Әскери-шефтік жұмысты ұйымдастыру үшін әскери бөлімдерге бару (онлаин форматта)

жыл бойы

Әскери бөлімдер

Студенттерді әскери қызметшілердің өмірімен таныстыру

15

«8 Наурыз» халықаралық әйелдер күніне орай колледжішілік мерекелік шаралар(онлаин форматта)

наурыз

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары,  есептеуіш техника пәндер оқытушылары

Әлеуметтік желілерде орналастыру

16

«Әз, Наурыз құтты болсын!» атты мерекелік көріністер, шаралар(онлаин форматта)

наурыз

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары, мұнай пәндері оқытушылары

Колледжде наурыз мерекесін атап өту

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

17

Халықтар бірлігі мерекесіне арналған  іс-шаралар(онлаин форматта)

мамыр

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары, Жастар комитеті,

топ жетекшілері

Халықтар достастығын, ел бірлігін насихаттау

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

18

«7 – Мамыр» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күніне байланысты мерекелік шара (онлаин форматта)

мамыр

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары,

дене тәрбиесі және жаратылыстану пәндер оқытушылары

Студенттерді ҚРҚК қатарына әскери қызметке дайындау

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

19

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай тәрбиелік іс-шаралар өткізу(онлаин форматта)

мамыр

БӘД жетекшісі Шәріп Б., оқытушы Биюнов Ұ.

Студенттерді  ҰОС ардагерлерімен кездестіру

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

20

«1 – Маусым» балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара(онлаин форматта)

маусым

Жастар комитеті,

топ жетекшілері

Балалар мерекесіне сәйкес  құттықтаулар

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

21

«Сен  Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?» (сауалнама) Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тәрбие сағаттар(онлаин форматта)

маусым

топ жетекшілері

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

22

«Жас сарбаз патриоттық сайысы(онлаин форматта)

мамыр

БӘД жетекшісі Шәріп Б., оқытушы Биюнов Ұ.

Жастарды әскери қызметке даярлау

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

23

«Діни экстремизм – ортақ қауіп» дөңгелек үстел(онлаин форматта)

ақпан

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары, дін істері өкілдері, топ жетекшілері, психолог

Студенттерге дін жөнінде мағлұмат беру

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

27

Құқық бұзушылықтың алдын алуда жұмыстар жүргізу (онлаин форматта)

жыл бойы

Колледж инспекторы, топ жетекшілері

Құқық бұзушылықты алдын-алу

28

Облыстың ПБ өкілдерімен бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алуда кездесулер өткізу (онлаин форматта)

Жыл бойы

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары, тәртіптік кеңес

Студенттермен онлаин форматта кездесу

29

«Құқықтық сауаттылықты көтеру» дөңгелек үстел(онлаин форматта)

желтоқсан

Тарих пәнінің оқытушысы

Табылғанова Н.

Студенттермен жұмыс

30

«Таза  сессия» тақырыбында дөңгелек үстел, құқық қорғау органдарымен кездесу

жыл бойы

Топ жетекшілері, Жастар комитеті

Студенттерді жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

31

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» челлендж ұйымдастыру

желтоқсан, мамыр

Топ жетекшілері, Жастар комитеті, белсенді студенттер

Заң талаптары мен құқықтарына құрметпен қарауды дәріптеу

(әлеуметтік желілерде орналастыру)

 

ІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие 

Мақсаты:

  • Дені сау, адами қасиеттерге тән тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
  • Студенттердің  рухани-адамгершілік қалыптасуына,  адамгершілік нормалары мен ережелерін меңгеруге, заңдарды және негізгі мемлекеттік нормативтік актілерді құрметтеу қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу;
  • Студенттердің  өз қылықтары үшін жауапкершілікке, борыш, ар-намыс, әділдік уәждерін адами-құқықтық таңдау жағдаяттарында өзін өзі басқару білігін тәрбиелеу; 
 Міндеттері: 

  • Түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеуді үйрену – олардың салт-дәстүрлерін, рәсімдерін зерделеу; ҚР азаматының құқықтары мен міндеттерін игеру;
  • Демократия,  нақты демократиялық азаматтық қоғам құруда  адамдар құқықтары мен заңның басқарушылық теңдік еркіндігін түсіну;
  • Студенттерде қоршаған адамдарға адамгершілік қатынастарын тәрбиелеу, әдептілік, қатынас мәдениеті сияқты қасиеттерді көрсету.
 

Жұмыс жоспары

Уақыты

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Өзге тілдің бәрін біл,

өз тіліңді құрметте»

қыркүйек

топ жетекшілер

Ана тілін дәріптеу

2

«Ұстаздық еткен  жалықпас...» Мерекелік кеш

қазан

топ жетекшілері

Студенттерді ұстаздарды сыйлау, құрметтеуге баулу

3

«Имандылық қағидалары» тәрбие сағаты

қыркүйек,

қаңтар

топ жетекшілері

Студенттерге имандылық қағидалары туралы түсінік беру

4

«Бабалар  мұрасын сақтаймыз және  дамытамыз» облыстық мұражайға, көрмелерге саяхат

жыл бойы

топ  жетекшілері

Туған өлке тарихы, мәдениеті, салт –дәстүрі  білу

5

«Анаға құрмет» Халықаралық әйелдер күні мерекесіне  арналған  шаралар:

1.Құттықтау газеттерін шығару;

2.Тәрбие сағаттары;

3.Салтанатты жиналыс.

 наурыз

топ жетекшілері, Жастар комитеті

Ата-анаға құрмет

6

Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру

мамыр

топ жетекшілері, жастар комитеті

Студенттердің мүжәлсіз отбасыларға және қарияларға көмек көрсетуі

7

Діни экстремизм алдын алуға арналған шаралар: кездесу, тәрбие сағаттар,  дөңгелек үстелдер

жыл бойы

Басшының  тәрбие жөніндегі орынбасары, топ  жетекшілері

Студенттерге діннің дұрыс жолдарын анықтап білуге тәрбиелеу

8

«Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі» топ сағаттары

қазан

Топ жетекшілері

Адамгершілік қасиеттерін, үлкенге құрмет көрсетуге тірбиелеу

9

«Кітапханадағы бір күн»  облыстық кітапханаға саяхат

қыркүйек

Жастар ісі комитеті, топ жетекшілері

Оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту

III. Ұлттық тәрбие

Мақсаты: 

  • Студенттерді белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасап, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін дамыту; 

Міндеттері: 

  • Қоғамдағы өз орынын қалыптастыруға ықпал ету; 

Жұмыс жоспары

Уақыты

Жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Тілім менің тірлігімнің айғағы»  мәнерлеп

оқу сайысы

(онлаин форматта)

қыркүйек

топ жетекшілері

Мейірімділік пен қамқорлыққа бағыттау

2

«Туған өлке тарихы»  мәдени-тарихи орындарға, мұражайға экскурсиялар(онлаин форматта)

қазан

топ жетекшілері, жастар комитеті

Жастардың қоғамдық белсендігін  арттыру

3

«Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі»  тәрбие сағаты(онлаин форматта)

қазан

топ жетекшілері

Студенттердің  белсенділігін  арттыру

4

«Шахмат» ойындарынан  сайыс(онлаин форматта)

желтоқсан

Дене тәрбиесі пәнінің оытушылар

Сұлулық  пен әдептілікті  насихаттау

5

«Бір халық-бір ел-бір тағдыр» тәрбие сағаты(онлаин форматта)

наурыз

Жастар  комитеті

Өлкенің тарихын зерделеу

6

Наурыз мерекесіне орай 1 курс топтары арасында өткізілетін іс-шаралар:

- тәрбие сағаттары

- қайырымдылық іс-шаралары

- қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс

- «Бауырсақ Party» іс-шарасы

наурыз

Топ жетекшілері

Шахмат спортын насихаттау

7

«Халықтар достығы»

тәрбие сағаты (онлаин форматта)

мамыр

Жастар комитеті

Оқушыларды  халықтық салт-дәстүрден нәр алып  өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды  болуға тәрбиелеу.


 ІҮ. Отбасы тәрбиесі

Мақсаты:

  • Жастарды отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, санасында ұлттық және моралдық  құндылықтарды  жандандыру, отбасы  негізінде  қалыптастыру;
 Міндеттері:

  • Ата-аналар мен топ жетекшілері ынтымақтастықтарын дамыту;
  • Ата-аналарды топтың және колледждің жұмыстарына баулу; 

Жұмыс жоспары

уақыты

жауапты

Күтілетін нәтиже

1

Колледж студенттерінің ата-ана мен бірлескен жиналыс өткізу

Семестрге І рет

топ жетекшілері

Студенттердің тәрбиесіне ата-аналармен бірге атсалысу

2

Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» апталығы

қыркүйек

Топ жетекшілері

Отбасы құндылығын,

адамгершілікті тәрбиелеу

2

Топтарда мүжәлсіз отбасыларына  көмек  ұйымдастыру

қыркүйек, наурыз

топ жетекшілері

студенттерге  психологиялық  көмек көрсету

3

Ата-аналардың бала тәрбиесінде құқықтық психологиялық біліктілігін жетілдіру үшін лекциялар дайындау: «Сіз қандай ата-анасыз», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз  өсер»

жыл бойы

Хожаметова К. педагог-психолог

Методикалық,  психологиялық көмек көрсету

4

Студенттердің отбасыларына психологиялық, құқықтық көмек беру

жыл бойы

Колледж психологы

Ата –аналармен қарым –қатынасты нығайту

5

Топтарда  ата-аналар жиналыстарын өткізу

І, ІІ семестр

топ жетекшілері

Ата-анамен байланыс

6

Тәрбие сағаттары: 1.«Қария, қарияның ақылы дария», 2.«Үйлену  оңай –үй болу қиын»

қаңтар, сәуір

топ жетекшілері, психолог

Отбасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру

7

«Үлгілі отбасы  қандай болу керек» пікірталас

маусымссс

психолог,  топ жетекшілер, ата-аналар

Студенттердің отбасылық өмірге деген жеке пікірін қалыптастыру

8

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» топ сағаты

топ жетекшілері

Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту

 Y. Еңбек, экономикалық және экологиялық  тәрбие

Мақсаты: 

  • Студенттердің өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту;
  • туған жерге сүйіспеншілігін  арттырып, экологиялық  проблемаларына назар аударып, шешуге өз үлестерін қосуға тәрбиелеу; 

Міндеттері:

  • Студенттердің экологиялық білімдерін қалыптастыру;
  • Кәсіби еңбек іс-әрекетінде қажетті адами қасиеттерді тәрбиелеу: жауапкершілік, еңбексүйгіштік, мақсаттылық, бастамашылдық, өздігінен жұмыс атқару, ұмтылыс, адалниеттілік
  • Еңбектің түрлеріне, қоғамға пайдалы болу ынталарын дамыту және көтермелеу,
  • Кәсіби еңбек іс-әрекетінде көтерілу үшін жұмысқа өз еркімен қосылу ынтасына жағадйлар тудыру; 

Жұмыс жоспары

уақыты

жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Жасыл экономика» бағдарламасын талқылау

қазан

топ жетекшілері

экономика-экологиялық даму саясатын дәріптеу

2

«Адам-қоғам-табиғат» бірлестігіне байланыс дөңгелек үстел ұйымдастыру

қараша

топ жетекшілері

экологиялық сауаттылыққа үйрету

1

«Адам - табиғаттың  бір бөлігі» экологиялык  акция

наурыз, сәуір

топ жетекшілері

табиғатты, ортаны  қорғау

2

Маңғыстаудың  экологиялық  проблемалары.

мамыр

экология пәнінің оқытушылары

туған  өлке проблемаларын шешуге өз үлестерін қосу

3

Қазақстан  Республикасының  табиғатты қорғау  және оны сақтау Заңы.(талдау, оқып-үйрену)

жыл бойы

топ жетекшілері

қоршаған ортағы  дұрыс көзқарас қалыптастыру

4

«Каспий теңізінің  экологиялық  проблемалары» дөңгелек үстел

мамыр

Арнайы пән оқытушылары

оқушылардың өз бетімен ізденістер арқылы көзқарастарын білдіру

5

Құрылыс жасақтарын  «Жасыл ел»  отрядтарына  еңбек етуге жағдай жасау

маусым

топ жетекшілері

әлеуметтік жағдайларын жақсарту

6

«Мен мамандығымды мақтан етем»  еңбек ардагерлерімен  кездесу

сәуір

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,

топ жетекшілері

өз жұмысына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу

7

«Нарық кезінде қандай мамандықтар қажет?»  дөңгелек үстел

мамыр

топ жетекшілері

өз  ойларын ортаға салу

8

«Тал күні» жобасын ұйымдастыру

Қазан

наурыз

Жастар ісі комитеті, топ жетекшілері

Колледж аумағын көгалдандару, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

  

YІ. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 

Мақсаты:

  •  Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру
  • Рухани- адамгершілік  құндылықтарды әсемдік арқылы, мәдениет арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын  зерттеу  арқылы қалыптастыру;
  • әдемілікке сезімталдықтарын, қоршаған ортаны қабылдай білулерін, жақсы әдеп, мүдделер мен мұқтаждықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау,
  • өз халқының көркем әдебиеті мен әлемдік көркем әдебиетпен үйлесімді зерделейтін студенттердің жан-жақты дамуы. 

Міндеттері: 

  • эстетикалық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;
  • эстетикалық және мәдени мұраларды меңгеру; 

Жұмыс жоспары

уақыты

жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Біз  шын  өнерді  жалған  өнерден  ажырата білеміз бе?» пікір-талас

қараша

Жастар  комитеті

Жастарды өнерге баулу

2

Студенттердің ақпараттық мәдениет туралы түсінігін қалыптастыру

Қыркүйек-қазан

Топ жетекшілері

Ортаға қалыптасуға ықпал жасау

3

Әдептілік  ережелері және оларды  орындаудың маңызы

жыл бойы

Педагог –психолог,топ жетекшілері

Әдептілікке  баулу

4

Шығармашылык қабілет  табиғаттан беріле ме? Немесе еңбекпен келе ме?

жыл бойы

Педагог –психолог

Жастардың қабілетін шыңдау

5

«Студенттік  көктем» Фестиваль

сәуір

Жастар комитеті, муз. жетекші.

Өнерлі жастарды шығару

6

«Халқымыздың  салт –дәстүрлері-ай»

наурыз

топ жетекшілері

Ұлттық салт-дәстүрлерді  насихаттау

7

«Менің  ел дамуына қосатын үлесім»» пікір -талас

қаңтар

Жастар комитеті, топ жетекшілері

Өз ойларын, пікірлерін  ашық айтуға дағдылану

8

«Өзін-өзі тану» қалалық  денсаулық  сақтау  мекеме  мамандарымен кездесу 

қырқүйек, ақпан

Мейірбике,

топ жетекшілері

Салауатты өмір салтын насихаттау

9

«Ел болашағы –білімді  жастар қолында»  пікір -талас

сәуір

Жастар  комитеті

Студенттердің белсенділігін  арттыру

10

«Өнер алды - қызыл  тіл» сайыс.

сәуір

топ жетекшілері

Тіл байлығы,  сөйлеу  мәдениетін қалыптастыру

11

«Қолыма қалам  алдым...». Жас ақындар  шығармаларын талдау

желтоқсан

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушылары

Өнерлі жастарды  анықтау

 YII. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

Мақсаты: 

  • Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
  • Өз мамандықтарын толық меңгеруге, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
  • Студенттердің  еңбекке деген жауапкершілігін арттыру;
  • Студенттердің белсенді  ойлау қызметін  дамыту, олардың сана –сезімдерін сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту;

Міндеттері: 

  • Студенттерге шығармашылық тұрғыда ықпал жасау;
  • Студенттерге интеллектуальды мәдениетті қалыптастыруға ықпал жасау; 

Жұмыс жоспары

уақыты

жауапты

Күтілетін нәтиже

1

«Мен кәсіпкермін (Банкирмін, менеджермін,т.б.) рольдік ойындар.

ақпан

Топ жетекшілері

Өзара  қатынасты  нығайту

2

«Өз мамандығының шебері» мамандықтар  сайысы

наурыз

Арнайы пән оқытушылары

Өз мамандығы бойынша білімдерін арттыру

3

«Еліміздің экономикасы  дамысын десек...» такырыбында  пікір-талас

қараша

Экономика пәнінің оқытушысы Аманжолова Д.

Еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуға  шақыру

4

«Бүгінгі  білім – болашақ  мамандық»  топ  сағаттары

қазан

Топ  жетекшілері

Білімдерін шыңдау, мамандығын жетік меңгеру

5

Интеллектуалды  ойындар:  «XXI ғасыр көшбасшысы»

семестр

Арнайы пән оқытушылары

Студенттердің  өй-өрісін  кеңейту

6

«XXI ғасыр көшбасшысы»  ақыл - ой сайысы

сәуір

топ жетекшілері, Жастар  комитеті

Интелектуалды ойындарына  белсенділікті  арттыру

7

«Аналар әлемді тербетеді» топ сағаттары

наурыз

Топ  жетекшілері

  

ҮІІI. Дене тәрбиесі мен  салауатты өмір салты

Мақсаты: 

  • Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамға дені сау, білімді азаматтар қажеттілігін түсіндіру. Салауатты тұрмыс салтын қалыптастыру қабілеттерін қалыптастыру

Міндеттері: 

  • Студенттерді еңбекті ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық дағдыларын сақтау жолымен өз денсаулығын сақтау және жетілдіру мәдениетін қалыптастыру;
  • Спортпен жүйелі айналысу нәтижесінде қозғалыс дағдылары мен біліктерін өңдеуге ықпал ету;
  • Студенттерді алдыңғы ұрпақтың ұлт денсаулығын сақтау бойынша тәжірибесімен және салт-дәстүрлерімен таныстыру
  • Болашақта өзін өзі бекітуі үшін физикалық және психикалық денсаулығының маңызын көрсету. 

Жұмыс жоспары

уақыты

жауапты

Күтілетін нәтиже

1

Әр түрлі спорттық секциялар ұйымдастыру

қырқүйек

Бахтенов Б.

Студенттердің  денсаулығын жақсарту

2

«Денсаулық күні» фестивалін  өткізу

қырқүйек

Жастар комитеті,  дене шынықтыру пәнінің оқытушылары

Салауатты өмір салтын насихаттау

3

Студенттер  арасында

«Дені саудың-тәні сау» спорттық жарыстар ұйымдастыру

жыл бойы

дене шынықтыру пәнінің оқытушылары

Салауатты өмір салтын насихаттау

4

Нашақорлыққа қарсы насихаттау тәрбие сағаттар.

«Есірткісіз өмір сүру».

«ЖИТС-ғасыр дерті».

«Темекінің адам ағзасына зияны»

қазан

қараша

желтоқсан

наурыз

Топ жетекшілері,

Мейірбике

Нашақорлықтың және басқа зиянды нәрселердің  алдын алу

5

Дәрігер- мамандармен кездесу, дәрістер ұйымдастыру

жыл бойы

Мейірбике, топ жетекшілері

Медициналық кеңестер беру

6

Дөңгелек үстел.

«Есірткісіз әлем»

«Салауатты өмір салтын насихаттау» орталығы

қараша

Жастар комитеті

Нашақорлық пен басқа зиянды нәрселердің  алдын алу

7

«Өмірің-өз қолыңда» пікір- сайыс

ақпан

Психолог, Жастар комитеті

Студенттердің өз өмірлеріне дұрыс көзқараспен қарауғ үйрету

8

«Мен өмірді  таңдаймын» психологиялық  тренинг

ақпан

Психолог, топ жетекшілері.

Өмір сүру құштарлығын арттыру

10

Студенттер  арасында  алькогольдің, темекі,  есірткі  заттарының  зияны туралы  арнайы  сабақтар өткізу 

жыл бойы

Топ жетекшілері, Жастар комиттеті, психолог, мейірбике

Салауатты өмір салтын насихаттау

11

Топтар арасында сайыс «Квест ойындары»

маусым

Жастар комитеті

12

Қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс

мамыр

Жастар комитеті

13

Колледж студенттері арасындағы спорт шеберлері, спортшылармен кездесу

Жыл бойы

Жастар комитеті

Үздік спортшыларымызды насихаттау

14

«Мерген ару - 2018» атты әскери-патриоттық оқытушылар арасындағы сайыс 

наурыз

БӘД пәнінің оқытушылары






12 қараша 2021

2021/2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

Тәрбие жұмысының бағыттары 1.Қазақстандық патриотизмді және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабылеті бар, патриот пен азаматты тәрбиелеу; саяси, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан тұлғаны; жастар мен балалардың құқықтық...

6 сәуір 2021

2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жоспары

Х.Өзбекғалиев атындығы Маңғыстау политехникалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жоспары  Негізі: «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының  3-тармағы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ...

10 маусым 2019

2018-2019 жж. тәрбие жұмыс жоспары

...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).