kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Жас педагог мектебі

“Жас педагог” мектебінің ережесі

 

1. Негізгі ережелер

  1.  Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру ережесіне (ҚР БҒМ 2007 жылдың 29 қарашасындағы №583 бұйрығы) сәйкес әзірленген, сонымен қатар, «Жас педагог» мектебі қызметін және ұйымдастырылу тәртібін анықтайды.
  2. «Жас педагог» мектебі колледждегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің құраушы бөлігі болып табылады. «Жас педагог» мектебі жұмысының мақсаты – педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, оқытушыларға оқу сабақтарын дайындау және өткізуге, оқу-әдістемелік материалдарды және аудиториядан тыс іс-шараларды әзірлеуге көмек көрсету. 

Міндеттері: 

  • жас педагогтың кәсіби құзыреттерін дамыту;
  • жас педагогтердің колледждегі педагогикалық қызметке бейімделу үдерісін жылдамдату;
  • өзін-өзі кәсіби жетілдіру үшін жағдай жасау: ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылату, педагогикалық шеберлігін арттыру;
  • жас педагогтердің кәсіби қалыптасу жүйесін құру;
  • жоғары мектеп жағдайында жас педагогтердің кәсіби өсуі мен тұлғалық дамуына қолдау көрсету;
  • тәжірибелі және жас педагогтердің бірлескен педагогикалық қызметінде өнімді өзара байланысты қамтамасыз ету;
  • Қазақстандағы және шетелдегі жоғары кәсіби білім берудің даму тенденцияларымен, білім беру жүйесі қызметінің құқықтық және нормативтік негіздерімен таныстыру;
  • жоғары кәсіби білім берудің инновациялық аймағында білімді дамыту және өзектендіру;
  • жас педагогтерді ТжКБ беру педагогикалық қызметтегі тәжірибелік дағдыларға баулу, дәстүрлі және жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне жағдай жасау;
  • тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін кеңінен тарату (насихаттау);
  • оқу үдерісіндегі кәсіби, әдістемелік мәселелерді анықтау, оларды шешуде жас педагогтерге көмек көрсету. 

2. Жұмыс бағыттары 

  1. Оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын жетілдіру бойынша жас мамандардың жұмысын ұйымдастыру.
  2. Жас оқытушыларға жетекшілік ететін тәлімгерлердің тәжірибе беру формасы ретінде ашық сабақтарын талдау.
  3. Оқу бағдарламалары, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуде көмек көрсету.
  4. Жаңа педагогикалық технологиялар және заманауи тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуде жас оқытушыларға көмектесу.
  5. Қазіргі заманғы білім беру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу.
  6. Әдістемелік семинарлар, шебер-сыныптар, көрмелер, конференциялар өткізу.
  7. Оқу сабақтарына мақсатты түрде өзара қатысу, нәтижелерін талдау.
  8. Ашық сабақтардағы жұмыс тәжірибесін практикамен байланыстыра отырып баяндау және жеткізу.
  9. Жаңа әдістемелік әдебиеттермен танысу және зерделеу.
  10. Әдіскермен жеке және топтық кеңестер. 

3. Жұмыстың ұйымдастырылуы 

  1. «Жас педагог» мектебінің құрамына жас оқытушылар (жұмыс өтілі 5 жылға дейін), олардың тәлімгерлері, пән бірлестік комиссиясының төрағалары мен төрайымдары кіреді.
  2. «Жас педагог» мектебіне колледж әдіскері жетекшілік етеді.
  3. Мектеп жұмысын үйлестіру және құжаттарды жүргізу үшін жетекшінің орынбасары және хатшы тәлімгерлер мен мектеп тыңдаушыларынан тағайындалады.
  4. «Жас педагог» мектебіндегі сабақ екі айда бір рет өткізіледі.
  5. Сабақтың өту формалары:
  • теориялық семинарлар;
  • нұсқау-әдістемелік мәжілістер;
  • практикумдар, мастер-кластар, тренингтер;
  • дөңгелек үстел, пікірталас;
  • ашық сабақтар;
  • жеке кеңес беру.

«Жас педагог» мектебінің қызметін бақылау колледждің әдістемелік кеңесінде жүзеге асады. 

4. Құқықтары мен міндеттері 

«Жас педагог» мектебі тыңдаушыларының құқықтары:

  • пәнді оқыту мәселелері бойынша мамандардан көмек алу;
  • сабақ беруде қажет болған сұрақтар бойынша жекелей кеңес пен көмек алу;
  • мектеп қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу;

«Жас педагог» мектебінің тыңдаушыларының міндеттері:

  • мектеп сабақтарына тұрақты қатысу;
  • мектептің жеке жұмыс жоспарын орындау.

«Жас педагог» мектебінің тәлімгерлерінің міндеттері:

  • оқытылатын пәннің оқу бағдарламалары мен пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру барысында көмек көрсету;
  • аудиториялық және зерттеу-тәжірибелік сабақтарына дайындалуға көмек көрсету;
  • жас оқытушылардың сабағына қатысу және олардың сабақ жүргізуін талдау; жас оқытушының өздігінен білімін көтеруге көмектесу. 





6 сәуір 2021

“Жас педагог” мектебінің ережесі

  1. Негізгі ережелер  Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру ережесіне (ҚР БҒМ 2007 жылдың 29 қарашасындағы №583 бұйрығы) сәйкес әзірленген, сонымен қатар, «Жас педагог» мектебі қызметін және ұйымдастырылу тәртібін...

6 сәуір 2021

“Жас педагог” мектебі

  Жас маманға жаднама  Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, ОӘК, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жолтабыңыз. Аудиториядағы оқушыларды түгелдеңіз, әсіресе, тәртіпсіз...


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).